25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Уа, Раббым, көңілімді басқаға бұрғызба»

«Уа, Раббым, көңілімді басқаға бұрғызба»

Ғибратнама
Жарнама

Жан-тәнімен құлшылыққа берілген нәзік жан иесі Рабиға Адауия үшін оразаның орны ерекше еді.

Жиі-жиі нәпіл ораза ұстайтын. Бір жолы үйінен тіске басар ештеңе таппай, қатарынан сегіз күн бойы ораза ұстады. Аштық қатты есеңгіретіп, көзі қарауытқанда «Апыр-ай, өзімді қолдан қауіпке итермелеп жатқам жоқ па?» деген ой келді. Осы мезет есік қағылып, көршісі бір табақ сорпа әкеліп береді. Үй іші қараңғы болғандықтан, тамақты жерге қойып, майшамды әкелуге кеткенде, тамақты мысық төгіп кетеді. Тақуа мұны: «Ештеңе етпес, сумен ауыз ашармын», – деп ойлады.

Суды енді ішпекке қолына алғанда, тостағаны жерге түсіп кетіп қақ бөлінеді. Ол осы кезде шарасыздықпен қолын жайып:

– Уа, раббым, бейшара құлыңды сынап жатырсың-ау, бірақ әлсіреп кеттім, сабырым жетер емес, – деп аһілепуһіледі.

Осы сәт ғайыптан бір дауыс естілді: – Уа, Рабиға, қаласаң, жер әлемнің байлығын үстіңе жаудырайын. Қаласаң, күллі рухани дертіңді жоқ қылайын. Алайда біліп қой, ақыреттің байлығы мен дүниенің байлығы ешқашан қатар жүрмейді! Бұны естігенде әулие:

– Уа, Раббым, бар есіл-дертім сенде ғана болсын, көңілімді басқаға бұрғызба, – деп күбірлеп дұға етті...

материал «Тағылым таразысы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: