25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылмандардың пайдасына пәтуа берген ғұлама

Мұсылмандардың пайдасына пәтуа берген ғұлама

Ғибратнама
Жарнама

60 жылдай бұрын Рамазан айында Тунис президенті халық алдында ішіп-жейтін боп шешеді. Осылайша Тунис халқын да өзіне еруге шақырмақ болады.

Президент сол кездегі муфти әрі танымал ұстаз Шейх Ибн Ашурға өзінің пайдасына пәтуа шығаруын өтінеді.

Жауап ретінде муфти теледидарға шығып, Құранның мына аятын оқиды: «Әй, мүміндер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз қылынды. Бәлкім, (жаманшылықтардан арылып) тақуалыққа жетерсіңдер» («Бақара», 183).

Содан соң Шейх Ибн Ашур президент Хабиб Бургибтің Құранға қарсы келіп, қателесіп жатқанын айтты. Шейх Ибн Ашур осылайша Рамазандағы оразаларын жалғастыра алулары үшін мұсылмандардың пайдасына пәтуа шығарды.

Осыдан кейін Ашур орнынан алынып тасталады.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: