25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбар (с.ғ.с) ораза айтты қалай қарсы алды?

Пайғамбар (с.ғ.с) ораза айтты қалай қарсы алды?

Ғибратнама
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мә­ди­на­ға көшіп келгенде, жергілікті халықтың мей­рамдап, көңіл көтеріп жатқанын көріп: «Бұл қандай мереке?» деп сұрағанда: «Бұл біздің Исламға дейін тойлап келе жатқан мерекелеріміз», деген жауап естіді.

Сонда Расулулла (с.ғ.с..): «Алла сіздерге бұдан да ұлық екі мейрам берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары», деп осы ислами мейрам­дар­дың мәртебелі екендігін білдірген. Ораза айты адамдарды бауырмалдылық пен кішіпейілділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке шақырады. Ислам шариғатында пітір садақасының осы айт қарсаңында берілуі де жайдан-жай емес. Ораза айттың хадистерде «Ғидул-фитр», яғни «Пітір мейрамы» деп аталуы да сондықтан.

Тарихи деректерге сүйенсек, Ораза айт 624 жылдан бері аталып келеді. Алла Тағала айт сайын адам баласына әртүрлі жақсылықтар береді. Ораза айт мейрамы үш күн бойы тойланады. Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен басталады. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз өсиетінде: «Айт күні бірінші орындайтынымыз – намаз оқу», - деген. Бұл намаз Исламның ұраны болғандықтан, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өмірінде оны бір рет те қалдырмай оқыған.

Айтта мұсылмандардың бір-бірімен татулықтарын арттыруы – мерекенің негізгі сәні. Осы мақсатта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Бір-біріңе сыйлық беріп, татуласыңдар... Бір-біріңе берген сыйлықтарың – араларыңдағы өшпенділікті жояды, - деп өсиет еткен. Ораза айт мерекесі шәууәл айының бірінші күні басталып, үш күнге созылады. Ол күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, мешітке – айт намазына хош иісті болып бару – Пайғамбары-мыздың (с.ғ.с.) сүйсіне жасайтын амалынан еді. Сондықтан да, бұл амал мұстахаб саналады. Себебі, бұл қасиетті жұма сияқты көпшілікпен ашық-жарқын араласатын күн. Жұма күні қандай амалдар сүннет болса, айт күніне де солай. Осы айтқа байланысты тағы бір сүннет амалы жайында хадисте: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айт күні мешітке барған жолымен қайтпай, басқа жолмен қайтатын еді, - делінген. Бұл да әрбір мұсылман үшін сүннет.

 

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: