Құран Кәрімде Жұмақтың ауа-райына қатысты білгілер бар:
«Ол жерде, Жұмақта дивандарда отырады. Ол жерде күйдіретіндей күнді де, тоңдыратындай суықты да көрмейді» («Инсан» сүресі, 13-аят.)
Бұл аят бойынша Жұмақтың ауа-райы ыстық та, суық та болмайды. Жұмақ - қатты суық та, аптап ыстық та әсер етпейтін көлеңкелі орын, сенімді жер. («Ниса» сүресі, 57-аят, «Рад» сүресі, 35-аят.)
Тақуалықты ұстанған, Алладан қорқатын және күнәлардан сақтанған мүміндерге уәде етілген Жұмақтың жағдайын Алла бізге былай түсіндіреді: «Астынан өзендер ағатын, жемісі де, көлеңкесі де тұрақты...» («Рад» сүресі, 35-аят)
Жұмақтың ауа-райы руx пен тәнді желпитін самал секілді. Тұрақты көлеңке, адамды раxатқа бөлейтін қоңыр салқын самал еседі. Жұмақта көктемгі ауа-райы сақталады. Жұмақ - раxатқа толы, қиындық болмайтын орын. Ол жердің климаты адамның жанына тыныштық беріп, қиындық келтірмейтіндей ерекшелікке ие.
материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,
ummet.kz