25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тақлид (көрсоқырлықпен еліктеушілік)

Тақлид (көрсоқырлықпен еліктеушілік)

Ақида
Жарнама

Ақыретті мойындамаудың ең маңызды себептерінің тағы бірі – ақиқатт үйренуде өзінің ақыл-парасатын, ерік-жігерін қолданбау. Істің ақ-қарасын ажыратпай, алдыңғылардың жолымен жүру. Міне, бұл тақлид делінеді.

Ислам мұндай көрсоқырлықпен еліктеушілікке тыйым салады. Қасиетті Құранда: «Оларға: Алланың түсірген Кітабына еріңдер (соны басшылыққа алыңдар) делінсе, олар: «Жоқ, біз керісінше, ата-бабаларымыздан не көрсек, соны ғана басшылыққа аламыз» дейді. Сонда, ата-бабалары еш нәрсеге ой жүгіртіп, тура жолда болмаған болса да ма?» («Бақара» сүресі, 170-аят).

Имам Матуриди: «Мекке халқында тақлид ісі кеңінен тараған еді. Олар пайғамбарлықтың ашық дәлелі Құранды көре тұрып иман етпейді. Біз «Ата-бабамыздың жолынан таймаймыз» деген сөздерінен танбады. Дәлел-дәйекке сүйенуді негіз еткен Ислам дінінің бір сыры да сол көрсоқырлық танымынан айықтыру еді. Ал, соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.ғ.с), оның сахабаларына және әһлу сунна уәл жамаға имамдарына еру болса, бұл көрсоқырлық тақлидқа жатпайды. Себебі, бұлардың жолы – Құран аяттары мен хадис шарифтерді негіз еткен, дәлелдік күші бар жол» деп, ақыл жүгірте отырып ақиқатты табуды ақида ілімінің негізгі қағидаларының бірі ретінде қабылдады. Ал, ой жүгіртпестен қара дүрсін еліктеушілікті ақиқатқа жетуде негізгі кедергі деп санады.

материал «Матуриди сеніміндегі таңдаулы тақырыптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: