25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарларға иланбау – Алла Тағаланы жоққа шығарумен тең

Пайғамбарларға иланбау – Алла Тағаланы жоққа шығарумен тең

Ақида
Жарнама

Пайғамбарларға сену – иманның негізгі  шарттарының бірі. Бұл шындықты Құранның: «Кім Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе… міне солар шыншылдар, әрі солар тақуалар», – деген аяттарынан көруге болады.

Ұлы Жаратушы Жаппар Ие әрбір мұсылман баласына пайғамбарларды алаламай, бірдей иман етуді парыз еткен. Бұл жайлы Құранда: ««Алла Елшісі Раббы тарапынан өзіне түсірілгендерге иман етті және мүміндер де (иман етті). Барлығы Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман етті. Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бойұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің құзырың – дейді».

Сонымен қатар пайғамбарларға шынайы ықыласпен сенген адам олардың бойындағы туралықты, әділдікті өз өмірлерінде қолдану мүмкіндігіне ие болады.

Ал пайғамбарларға иланбау – Алла тағаланы және Оның жер бетіне жіберген кітаптарын жоққа шығару деген сөз. Өйткені, Ұлы Жаратушының күллі ақиқаты осы пайғамбарлар арқылы жеткен.

Бұл мәселеге байланысты Құран кәрімде: «…Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман етпесе, өте қатты адасады…», – делінген.

Басқа бір аятта: «Күмәнсіз, сондай-ақ, Аллаға, пайғамбарларына қарсы келгендер, олар Алла пен пайғамбарының арасын айыруды қалайды. (Пайғамбарлардың) кейбіріне сенеміз де, кейбіріне сенбейміз дейді. Сөйтіп, олар екі ортадан жол табуды қалайды. Міне, олар анық кәпірлер. Кәпірлер үшін қорлаушы азап дайындадық», – деп пайғамбарлардың біріне сеніп біріне сенбегендердің күпірлікке кіретінін айтады.

материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: