26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бидғат жәна нәпсіге бас ию

Бидғат жәна нәпсіге бас ию

Ақида
Жарнама

Алла Елшісі (с.ғ.с): «Дінге дейін қосылған әдеттерден сақтаныңдар. Әлбетте, кейін ойдан шығарылған ережелер – бидғат. Барлық бидғат – адасу. Әр адасудың аяғы – тозақ»,-деген.

«Кім дінімізге жаңа нәрсе қосса, ол қабылданбайды».

«Менің сүннеттеріме және менен кейінгі халифаларға еріңдер».

Бұл хадистерден төмендегідей мағына келіп шығады:

Құранға, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әдеп-ахлағына және әзірет Мұхаммедтің үмбетінен шыққан басшылардың және ұлы ғалымдардың әдеп-ахлағына тура келмеген әрқандай нәрсе –бидғат, діннен тысқары.

«Кімде-кім Исламда жақсы жол салып, қандай да бір жақсы іске бастаушы болса, өзінен кейін сол істі жасағандардың сауабындай сауапқа ие болады. Сондай-ақ, ол жақсы істі жасағандардың сауабынан да еш жерге кемімейді. Ал енді кімде-кім Исламда жаман жол салып, қандай да бір жаман іске бастаушы болса, оның күнәсін және өзінен кейін сол істі жасағандардың күнәларын мойнына алады. Кейінгілердің күнәлары бұдан кемімейді»

Ибн Масғұд (р.а) баяндайды: «Бір күні Алла Елшісі (с.ғ.с) бір сызық сызып «Бұл – Алланың жолы»,- деді. Содан соң сол сызықтың оң жақ, сол жағына тағы бірнеше сызық сызып «Бұлар да жол. Бұл жолдардың екі жағында жолаушыларды шақырып отырған шайтандар бар» деп содан соң «Әнғам» сүресінің 153-аятын оқыды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім менің сүннетімнен бет бұрса, менің үмбетімнен емес»,- деген.

Тағы бір хадисте: «Пайғамбардың көзі өткеннен кейін дінге (дінге тура келмеген) жаңа нәрселерді кіргізбеген ешбір үмбет жоқ. Бірақ олар қанша бидғат ойлап шығарған болса, діннің сонша негіздерін жоғалтып қойған».

«Алла бидғатшыға тәубе есігін жабады. Бидғатты тастамайынша, ол есікті ашпайды».

«Әр өмірдің бір мақсаты, әр мақсаттың бір әлсіз жағы бар. Менің сүннетімді көздегендер тура жолды табады. Басқа нәрсені көздегендер адасуға ұшырайды».

«Үмбетім үшін төменгі үш нәрседен қорқам:

  • Ғалымның адасуы
  • Нәпсінің қалауларына еруі
  • Залым басшы».

материал Имам Ғазалидің «Жүректің сырлары» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: