Адам ата өмірден өткеннен кейін, билік пен пайғамбарлық оның ұлы Шистің қолына өтеді. Шис жер бетінде әділетті үкім жүргізді.
Шистің жазбалары адамзаттың өмірін ретке келтіретін қағидалар мен шариғат заңдардынан тұратын. Әбу Зәр келтіргендей: «Пайғамбарымыз айтады: «Алла жүз төрт жазба түсірді. Одан елу жазбаны Шиске түсірген»[1],-деді»,-деген.
Адам ата өз білімінен Шиске үйретіп тәрбиелеген еді. Адам атаның білімін толықтай үйреніп алуға оның шамасы жетпеседе жартысынан көбін алып қалды. Өйткені, Адам атаның ұстазы Алланың өзі еді ал Шистің ұстазы Адам болытын. Шис адамдарға өркениет пен ғибадатты үйретті. Ибн Исхақ: «Шис оларға күн мен түнді өлшеуді үйретті және қалай ғибадат жасауды көрсетті»,- деген.