25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымызды (с.ғ.с) сүюге біз мұқтажбыз

Пайғамбарымызды (с.ғ.с) сүюге біз мұқтажбыз

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уа сәлләм) біздің махаббатымызға ешқандай мұқтаждығы жоқ. Өйткені, Оны Алла Тағала сүйген, бүкіл әлемге рахмет еткен. Бірақ оны сүюге біз мұқтажбыз.

Себебі, адам сүйгеніне ұқсағысы, яғни, Ол сияқты болғысы келеді. Алла Расулын (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүйген оның жолына түседі, сүннетін өзіне жақын тартады және Алланың сүйікті құлы болу мәртебесіне қол жеткізеді.

Алланың махаббатына Пайғамбар махаббаты арқылы жол табады, Адам қияметте сүйгенімен бірге болады.

Бір сахаба Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп: «Қиямет қашан болады?», - деп сұрайды. Мырзамыз (Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)): «Қиямет ушін не дайындадың?», деп қарсы сұрақ кояды. Сахаба: «Айтарлықтай көп намазым, ораза мен ғибадатым (құлшылық) жоқ. Бірақ, Алла мен Расулын сүйемін», - дегенде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сен сүйгеніңмен бірге боласың», дейді.

материал «Дін мен діл» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: