25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дін жолындағы шыдамдылықтың басты себебі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Мұсылмандарды осыншалықты табандылыққа, қайсарлыққа, жан баласының шамасы келмейтін беріктілікке, шыдамдылыққа жеткізген қандай себептер, қандай қозғаушы күш?

Олар осындай тоқтаусыз қуғын-сүргінге, жан түршігерлік азаптарға төзетін күшке қалай ие болды? Мұсылмандарды шыдамдылықтың шыңына алып шыққан себептер мен қозғаушы күштерге қысқаша тоқтала кетуді жөн көрдік.

Мұның негізгі әрі басты себебі – бір Аллаға сену мен Оны дұрыс тану. Нық сенімнің ықпалы жүрекке енгенде таулардың салмағына тең болады. Осындай кемел иманға және берік сенімге ие болған адам үшін дүние тіршілігіндегі көрген қиыншылықтары қаншалықты көп, қандайлық үлкен болса да, қаншалықты ауыр, қатты болса да, мұның бәрі оның иманының жанында берік бөгеттер мен алынбайтын қамалдарды бұзбақ болған тасқын судың бетіндегі балдыршөптер тәрізді ғана болады. Мұндай иманға ие адам бұл дүниеде басына түскен ауыртпалықтарға мән де бермейді. Өйткені ол иманының шырын дәмін, бойсұнуының ләззатын, сенімінің шаттығын сезінеді.

Алла Тағала: «Көбік текке жоғалады, ал адамдарға пайдасы тиетіндер жерде қалады», – деген («Рағд» сүресі, 17-аят).

материал «Мұхаммед пайғамбар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: