25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Сенің жәннатта көргендеріңді мен де көре аламын ба?»

«Сенің жәннатта көргендеріңді мен де көре аламын ба?»

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Алла Расулының жанына Хабашистаннан бір адам келген еді. Алла Расулы оған білмегенін сұрай алатынын айтқан соң, хабаштық адам мынадай сауал қояды:

– Уа, Расулалла! Жүзіңіз, денеңіз және пайғамбарлық нығметтер арқылы бізден жоғары болдыңыз. Егер мен сіздің сенетін нәрселеріңізге сенсем және жасайтын іс-әрекеттеріңізді жасасам, сізбен бірге жаннатқа кіре аламын ба?

– Иә, Аллаға ант етемін, дүниеде қара түстілердің ақтығы жаннатта мың жылдық қашықтықтан көрінетін болады. Кім «Лә иләһа иллаллаһ!» десе, ол үшін Алланың уәде еткен сөзі бар. Кімде-кім «Уа, Алла, сен түрлі кемшіліктерден пәксің, саған мадақ айтамын!» десе, ол үшін жүз жиырма төрт мың сауап жазылады.

Ол тағы да сұрақ қойды:

– Бұдан кейін біз үшін бір қауіп бар ма, уа, Расулалла?

– Адамдар қиямет күніне жасаған амалдарымен бірге келеді. Егер ол амалдарды бір таудың басына қойса, бұл амалдар таудың өзін шөктіріп жібереді. Алайда Алланың мейірімі болмаса, бұл амалдың барлығы Алла тарту еткен бір нығметке де тең бола алмайды, – деді.

Осыдан кейін мына аяттар түсті: «Замана ағымында сондай ұзақ дәуір өтті, ол дәуірде адамның аты аталмайтын еді (яғни, жаратылыс тарихында адамның аты тұрмақ заты жоқ кезеңдер болған еді.) Шүбәсіз, Біз адам баласын (ер мен әйелден бөлінген, сан алейн элементтерден құралған) құрама тамшыдан жараттық. Сөйтіп, оны сынау үшін еститін һәм көретін саналы тіршілік иесі қылдық. Оған тура жолды да көрсеттік. Өзі қаласа, (осынау нығметтердің қадірін біліп, тура жолмен жүретін) шүкіршіл болар, қаласа, (күпірлік етіп, теріс жолға түсетін) рақметі жоқ кәпір болар. Біле білсеңдер, Біз кәпірлер үшін шынжырлар, бұғаулар һәм жалын атқан от дайындап қойдық. Ізгі жандарға келсек, олар кеселерге құйылған хош иісті «кәфур» қосылған жаннат сусынын ішеді. Ол сондай бұлақ, одан Алланың хас құлдары сусындайды және оны өздері қалаған бағытқа бұрып ағызады. (Алланың аталмыш) хас құлдары атаған нәзірлері мен тиісті міндеттерін лайықты түрде атқарады әрі кесепаты жер-әлемді жайлайтын күннен қорқады. Өздері мұқтаж болып, ауыздарының суы құрып тұрса да, пақыр-міскінді, жетім мен тұтқынды қуанышпен тамақтандырады. Әрі оларға: «Біз сендерді тек Алла разылығы үшін тамақтандырып жатырмыз. Бұл жақсылығымыз үшін сендерден ешқандай қарымта да, алғыс та күтпейміз». «Замана ағымында сондай ұзақ дәуір өтті, ол дәуірде адамның аты-дағы аталмайтын еді (яғни, жаратылыс тарихында адамның аты тұрмақ заты жоқ кезеңдер болған еді). Шүбәсіз, Біз адам баласын (ер мен әйелден бөлінген, сан алейн элементтерден құралған) құрама тамшыдан жараттық. Сөйтіп, оны сынау үшін еститін һәм көретін саналы тіршілік иесі қылдық.Оған тура жолды да көрсеттік. Енді, қаласа, (осынау нығметтердің қадірін біліп, тура жолмен жүретін) шүкіршіл болар, қаласа, (күпірлік қылып, теріс жолдарға түсетін) рақметі жоқ кәпір болар. Біле білсеңдер, Біз кәпірлер үшін шынжырлар, бұғаулар мен жалын атқан от дайындап қойдық. Ізгі жандарға келсек, олар кеселерге құйылған хош иісті «кәфур» қосылған жаннат сусынын ішеді. Ол сондай бұлақ: одан Алланың хас құлдары сусындайды және оны өздері қалаған бағытқа бұрып ағызады. (Алланың аталмыш) хас құлдары атаған нәзірлері мен тиісті міндеттерін лайықты түрде атқарады Һәм кесапаты жер-әлемді жайлайтын күннен қорқады. Өздері мұқтаж болып, ауыздарының суы құрып тұрса да, пақыр-міскінді, жетім мен тұтқынды қуана-қуана тамақтандырады. Һәм оларға: «Біз сендерді тек Алла разылығы үшін тамақтандырудамыз. Бұл жақсылығымыз үшін сендерден ешқандай қарымта да, алғыс та күтпейміз». «Шүбәсіз, Біз адамның түрін қашырып, қабағына кірбің түсіретін алапатты күн туғанда, Раббымыздың жазасына ұшыраудан қорқамыз», – дейді. Алла оларды сол күннің кесапатынан сақтайды және оларды жүздері бал-бұл жанған, шат-шадыман күйде қабылдайды. Сабыр еткені үшін оларға жаннатты нәсіп етіп, сусылдаған жібек киімдер кигізеді. Жұмақта салтантты орынтақтарға шалқая түсіп, жайғасып отырады. Бұдан былай олар онда күннің аптап ыстығын да, бет қарыған аязды да көрмейді. Оларға жаннат бақшаларындағы ағаштар саясын түсіреді және шоқ-шоқ жемістері қол созым жерде тұнып тұрады. Олардың маңынан айналсоқтап шықпайтын жұмақ қызметшілері оларға күміс ыдыстар және мөп-мөлдір қадақтармен зыр жүгіріп, (алейн түрлі) сусын тасиды. Мөп-мөлдір күміс қадақтармен сусын таратады. Ішетін сусындарының түрі мен мөлшерін өздері белгілейді. Оларға (хош иісті һәм сондай ләззатты жұмақ дәмдеуіші) зәнжәбил қатылған сусынға толы қадақтар ұсынылады. (Бұл сусындар байыппен үздіксіз ағып тұратын) Сәлсәбил атты бастаудан (құйылады). Мәңгілікке балғын, пәк қалпында қалатын жұмақтағы жас балалар жұмақтықтағылардың маңайында жүріп, қызмет етеді. Оларды көргеніңде жан-жаққа шашылған інжу екен деп ойлап қаласың. Қай жаққа қарасаң да қиял жетпес нығметтер мен зор сән-салтантты көресің» («Инсан» сүресі, 1–20-аяттар).

Бұдан кейін хабаштық адам:

– Сенің жәннатта көргендеріңді мен де көре аламын ба?

– Иә, – деп жауап берді Пайғамбарымыз.

Жауапты естіген кезде адам жылай бастады және сол жерде жан тәсілім етті. Пайғамбарымыз ол адамды өз қолымен қабірге қойды.

материал «Пайғамбарды сүю» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: