25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) жұбайларының туыстарымен қарым-қатынасы

Пайғамбардың (с.ғ.с) жұбайларының туыстарымен қарым-қатынасы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйелдерімен және олардың отбасы туыстарымен жақсы қарым-қатынас жасады.

Хадиша анамыз туыстарымен бірге үйге келгенде сый, құрмет білдірген. Құрбан шалған сайын Хадиша анамыздың достарына да етінен бөліп тарататын (Тирмизи 4/369).

Отбасы мүшесінің қатарында саналған Әнас ибн Маликтің анасы мен әжесінің де жағдайын сұрап тұратын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) әкесінен қалған, бала кезінен бері қызмет еткен Үммі Айманға «анашым» деп айтып, тіпті «Бұл менің отбасымнан қалғаны», – деп оны да өз отбасының бір мүшесі ретінде көретін.

Қайын жұртына жиі-жиі сыйлық жіберіп отыратын. Кейде үйіне бір қарт әйел келетін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ерекше құрметпен күтіп алып, кейуананы Хадиша анамыздың (р.а.) құрбысы деп таныстыратын. Сосын Айша анамызға: «Бұл әйел Хадишаның көзі тірісінде үйге келіп жүретін. Досқа опалы болу иманнан», – деп, қой сойған сайын Хадишаның жақындарына сыбағаларын беріп жіберетін.

материал «Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: