25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла Елшісі (с.ғ.с) дүниеден өткен кезде жуылған су қайда кеткен?

Алла Елшісі (с.ғ.с) дүниеден өткен кезде жуылған су қайда кеткен?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Атақты ғалым әрі тәпсірші Имам Мутәуәлли әш-Шағрауий жайында ғибратты бір оқиғаны сіздерге ұсынбақпын.

Күндердің бір күні дін көшбасшыларының және ғұламалардың бірі басшылық жасап бір апталық ислами конференция ұйымдастырылды.

Бұл конференцияға шейх Шағрауи де шақырылған еді. Шейх Шағрауи шақырту бойынша бұл мәжіліске келді. Конференция өз уақытында басталып кетті. Конференцияға басшылық етіп отырған кісі, өзін ғалым адам секілді ұстап мақтана кіріп келіп өзінің орнына жайғасты.

Конференция барысында бұл іске куә болған Имам Мутәуәлли әш-Шағрауий рұқсат сұрап, мінберге шықты да «Сіздерге бір сұрақ қоямын: Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеден өткен кезде жуылған су қайда кеткен?», - деді.

Мәжіліске келгендер күтілмеген сұраққа жауап бере алмай үнсіз қалды. Конференцияны ұйымдастырушысы ыңғайсыз жағдайға түсті. «Қалайша мен бұл сұрақтың жауабын білмемін?», - деп ойланды. Ойлана келе ұйымдастырушы имам Шағрауиге: «Бізге мұрсат беріңіз, Алла жазса ертеңгі мәжіліске дейін жауабын табамыз» деп бұл жағдайдан шықты.

Мәжіліске басшылық жасаушы кісі дереу үйіне барып, кітапханасына кіріп бұл қиын сұрақтың жауабын іздей бастады. Бірақ та қандай кітап оқысада ешқандай нәрсе таба алмады. Тіпті том-том кітаптардыды бетпе-бет іздеді онда да ештеңе шықпады. Соңында кітаптарды парақтап отырып ұйықтап кетті.

Бір уақытта Расулулла (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оның алдына келді. Расулулланың жанында шырақ көтерген бір кісі бар еді. Мәжілісті ұйымдастырушы дереу Расулулланың алдына барып: «Уа Алланың Расулы, Сіз жуылған су қайда кеткен?» деп сұрады. Алла Елшісі жанында шырақ көтеріп тұрған кісіге ишарат етті. Шырақ көтерген кісі былай деді. «Расулулла (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) жуылған су буланып, аспанға көтерілген. Сосын жаңбыр болып жерге түскен. Бұл жаңбырдың әр бір тамшысы түскен жерге мешіт бой көтерген». Осы жерде айтылғандай, жер жүзінің қай жерінде болмасын, Расулулла жуылған судың әрбір тамшысы түскен жерде бір мешіт бой көтерген екен.

Мәжіліс ұйымдастырушысы ұйқысынан сергек оянды. Енді конференцияға жарық жүзбен баратын жауапты тапқан еді. Ол кісі асығып конференцияға келді. Имам Шағрауиды аңдып отырды, кешегі сұрақтың жауабын сұрауын күтті. Бірақ та Имам ештеңе болмағанда кішіпейілдікпен отыра берді. Әлгі кісінің іші пысып, бір амалдап мәжілістің соңына дейін шыдыды. Соңында шыдамы бітіп Имамға:

- Кеше бір сұрақ қойған едіңіз, жауабын айтайын ба?, - деді.

- Имам! Жауабын таптыңыз ба?, - деп сұрады. Ол кісі:

- Иә деді.

- Имам! Олай болса, Расулулла жуынған су қайда кеткен екен?, - деді. Ол кісі:

- Расулулла жуынған су буланып, аспанға көтерілген екен. Сосын жерге жаңбыр болып жауған екен. Сол жаңбырдың әрбір тамшысы түскен жерге бір мешіт бой көтерген екен,- деді.

- Имам! Бұл жауапты қайдан таптың?, - деді. Ол кісі:

- Түсімде Расулулланы көрдім, Сол кісіден сұрадым ,- деді.

- Имам! Бірақ саған жауапты жанындағы шырақ көтерген кісі айтты ғой иә?, - деді күлімсіреп.

- Мәжіліс басшысы үстіне су құйылғандай абдырап қалды. Сосын өз-өзіне келіп есін жинап, жаймендеп келіп «Бұны қалай білдіңіз?» деді. Сонда Имам Мутәуәлли әш-Шағрауий барлығын таңқалдырып, «Шырақ көтереріп жүрген мен едім» деді...

Бұл оқиғаны конференция ұйымдастырушысы өзі айтып берген.

 

материалды араб тілінен қазақ тіліне аударған Әділхан Оразов,

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы

Бөлісу: