25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Құран мен намаз оқуы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Құран мен намаз оқуы

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Құран мен намаз оқуы:

1. Алла Тағала: «Құранды байыптап оқы!» – деген («Муззәммил» сүресі, 4-аят). 

2. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Құранды үш (күннен) аз уақытта (толық оқып бітірген) адам түсінбейді», – деп айтқан (Ибн Хиббан).

3. Умму Сәләмә (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (с.ғ.с.) Құран оқығанда әр аяттан кейін кідіріс жасайтын. Ол (с.а.с.): «Әл-хамду лилләһи Раббил-ъаләмиин» деп тоқтап, сосын барып: «Әр-Рахмәнир-Рахим» деп жалғастыратын да, тағы да тоқтайтын», – деген (Әт-Тирмизи; «сахих» хадис).

4. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Құранды дауыстарыңмен безендіріңдер, өйткені әсем дауыс Құранның сұлулығын арттырады», – деген (Әл-Бұхари).

5. «Алла елшісінің (с.ғ.с.) қырағаты (Құранның тиісті жерлерін) созып оқу болатын» (Әл-Бұхари).

6. «Ол әтеш дауысын естігенде (ұйқыдан) тұратын» (Муслим).

7. Сағид ибн Мәсләмә: «Әнәстен «Пайғамбар (с.а.с.) аяқкиімімен намаз оқушы ма еді?» – деп сұрағанымда, ол: «Иә», – деп жауап берді», – деген (Әл-Бұхари).

8. Абдуллаһ ибн Амр (Алла оған разы болсын): «Пайғамбардың (с.ғ.с.) қолымен тәсбих айтқанын көрдім», – деген. Басқа риуаятта: «Аллаға тәсбих айтқанда оң қолын пайдаланатын» деп келген (Муслим).

9. Хузайфа (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.ғ.с.) қандай да бір уайымға түссе, намаз оқитын», – деген (Әт-Тирмизи; «сахих» хадис).

материал «Әз Пайғамбар хақ жолы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: