25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарға (с.ғ.с) «Мұхаммедүл-әмин» есімі неге берілген?

Пайғамбарға (с.ғ.с) «Мұхаммедүл-әмин» есімі неге берілген?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с) қағбаның жөнделуі кезінде төрелік жасауы

Селден үйдің кей жерлері бүлінгендіктен, Қағбаны жаңалап жасау ісі қолға алынады. Дуалдары қаланып биіктетіліп, «Хажәрүл әсуад» деп аталатын қаиетті қара тасты орнына қояр кезде, әрбір тайпа осы абыройға ие болу үшін бір-бірімен бәсекелесіп, ортақ келісімге келе алмайды. Тіпті, соның салдарынан жанжал шығады. Ақыры шынайы сенімді әрі әділдігімен танылған Хазірет Мұхаммедті қазы етуге, оның берген үкіміне разы болуға келісті.

Хазірет Мұхаммед «Хажәрүл әсуадты» ортаға төселген жайманың үстіне қойып, әр рудың ақсақалдарынан бір кісіге соның шетінен ұстатты. Осылайша жоғарыдағы қойылатын орнына апарылғаннан кейін өзі мүбәрак қолымен орнына қойды. Сөйтіп, әр ру бұл қасиетті жұмысты атқаруға қатысқан болып, бәрі де бұл билікке разы болды. Өйткені мұндай шешім ешкімнің ойында жоқ-ты. Сонымен үлкен бір жанжалдың алды алынды. Осы оқиға болған кезде Хазірет Мұхаммед 35 жаста еді.

Хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарлығынан бұрын да өте адал әрі сенімді кісі еді. Бұл ерекшеліктерді себепті халық оны «Мұхаммәдүл-әмин», яғни «Сенімді Мұхаммед» деп атаған. Жұрттың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген таза да үлгілі өмірімен қоғамда бір жарқыраған жұлдыз іспеттес болған. Ұлы Алла оны ең жақсы түрде тәрбиеледі. Кәміл ахлақ және ерекшеліктер сыйлады. Өйткені адамзаттың құтылуы үшін оған (болашақта) пайғамбарлық міндеті берілетін еді.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: