26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарлардың Құрандағы дұғалары

Пайғамбарлардың Құрандағы дұғалары

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Адам ата мен Хауа ананың дұғасы

Оқылуы: Раббәнә заләмнә әнфусәнә уә илләм тәғфир ләнә уә тәрхәмнә ләнәкуунәннә минәл хасириин.

Мағынасы: «Уа, Раббымыз! Біз өз-өзімізге қиянат жасадық. Егер бізді кешпесең әрі есіркеп рақымыңа бөлемесең, зиянға ұшырағандардың қатарында боламыз» («Ағраф «сүресі, 23-аят).

Нұх (аләйһис сәләм) пайғамбардың дұғасы

Оқылуы: Раббиғфир лии уә лиуәлидәййә уә лимән дәхалә бәйтийә му›минәу уәлилму›мининә уәлму›минәти уәлә тәзидиз залимиинә иллә тәбәрә.

Мағынасы: «Уа, Раббым, мені, ата-анамды, мүмін ретінде табалдырығымнан аттаған әрбір жанды һәм күллі мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді кешіре көр! Ал залымдарды одан бетер құрдымға батырғайсың!» («Нұх» сүресі, 28-аят)

Ибраһим (аләйһис сәләм) пайғамбардың дұғалары

Оқылуы: Раббиж‘ал һәзәл бәләдә әминәу уәжнубнии уәбәниййә ән нә‘будәл әснәм.

Мағынасы: «Уа, Раббым! Мына елді мекенді (Меккені) бейбіт (қауіпсіз) мекен еткейсің! Мені де, бала-шағамды да пұттарға табынудан аулақ қылғайсың!» (Ибраһим» сүресі, 35-аят).

Оқылуы: Раббанә инни әскәнту мин зуррияти би уәдин ғайри зи зәр‘ин ‘индә бәйтикәл мухаррам

Рәббәнә ли иуқимус саләтә фәж‘ал әф›идәтәм минән нәси тәһуи иләйһим уәрзуқһум минәс сәмәрати лә‘алләһум иәшкурун.

Мағынасы: «Уа, Раббым! Мен ұрпағымның бір қатарын (дүниеге қызықпай) намазды кемеліне жеткізіп, үзбей оқысын деп қасиетті Үйіңнің маңына егін өспейтін бір алқапқа орнықтырдым. Енді сол ұрпағыма адамдардың бір бөлігінің көңілін түсіргейсің һәм Өзіңе шүкіршілік етуі үшін оларға кейбір (көкөністер мен) жемістерді ризық етіп бергейсің!» («Ибраһим» сүресі, 37-аят)

Мұса (аләйһис сәләм) пайғамбардың дұғалары

Оқылуы: Рабби нәжжини минәл қаумиз залимин.

Мағынасы: «Уа, Раббым! Мені залым қауымнан құтқара көр» («Қасас», сүресі, 21-аят).

Оқылуы: Рабби инни лимә әнзәлтә иләйиә мин хайрин фәқир.

Мағынасы: «Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да зәрумін!» («Қасас» сүресі, 24-аят).

Оқылуы: Раббишрахли садри уә иәссирли әмри уәхлул ‘уқдәтәм миллисәни иәфқаһу қаули.

Мағынасы: «Уа, Раббым! Көкірегімді кеңейтіп, иман нұрына, ілімге толтыра көр! Ісімді жеңілдете көр! Тілімдегі түйінді шеше көр! Олар менің сөзімді жақсы түсінетін (ұғатын) болсын» («Таһа» сүресі, 25-28-аяттар).

Сүлеймен (аләйһис сәләм) пайғамбардың дұғасы

Оқылуы: Рабби әузи‘нии ән әшкурә ни‘мәтәкәл ләти ән‘амтә ‘аләййә уә‘алә уәлидәййә уәән ә‘мәлә салихән тәрдаһу уәдхилнии бирәхмәтикә фии ‘ибәдикәссалихиин.

Мағынасы: «Уа, Раббым! Маған һәм ата-анама нәсіп еткен нығметтеріңе лайықты түрде шүкіршілік етуді және үнемі Өзіңді разы ететін игілікті істер істеуді көңіліме ұялатқайсың. Сондай-ақ мені шексіз рақымыңмен игі құлдарыңның қатарына қосқайсың!» («Нәмл» сүресі, 19-аят).

Жүніс (аләйһис сәләм) пайғамбардың дұғасы

Оқылуы: Лә иләһә иллә әнтә субхәнәкә инни кунту минәз залимин.

Мағынасы: «Сенен басқа тәңір жоқ. Сен мінсізсің (жаратылысқа тән кемшілік атаулыдан, дәрменсіздіктен, мұқтаждықтан адасың). Мен, расында да, өзіне қиянат жасаған залымдардың бірі болыппын» («Әнбия» сүресі, 87-аят).

Зәкәрия (аләйһис сәләм) пайғамбардың дұғасы

Оқылуы: Рабби лә тәзәрнии фәрдәу уәәнтәхайрул уәрисиин.

Мағынасы: «Уа, Раббым! Мені мирасқорсыз қу бас етіп, жалғыз қалдыра көрме! (Өзіңнен басқаның бәрі фәни, бәрі өліп, өшкеннен кейін мәңгі-бақи қалатын бір Өзіңсің, сондықтан да мұрагерлердің ең қайырлысы – Өзіңсің!» («Әнбия» сүресі, 89-аят)

Иса (аләйһис сәләм) пайғамбардың ізбасарларының, яғни хауарилердің дұғасы

Оқылуы: Раббәнә әмәннә бимә әнзәлтә уәттәбә‘нәр рәсуулә фәктубнә мә‘ш шәһидин.

Мағынасы: «Уа, Раббымыз! Түсірген (кітабыңа) иман келтірдік және елшіңнің соңынан ердік. Бізді (Өзің түсірген кітаптың, жіберген елшіңнің хақ екендігіне) куә болушылардың қатарына жазғайсың» («Әли Имран» сүресі, 53-аят).

материал «Құрандағы қасиетті дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: