26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) сүннетке зор мән беруі

Пайғамбардың (с.ғ.с) сүннетке зор мән беруі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Айша (р.анһа) әңгімелейді: «Алла елшісі таң намазының сүннетіне басқа сүннеттерге қарағанда ерекше мән беретін».

Абдуллаһ ибн әс-Саиб (р.а.) әңгімелейді: «Алланың елшісі күн төбеден ауғаннан кейін бесіннің парызын оқымай тұрып төрт бас сүннет оқып: «Көктің есіктері ашылған осы уақытта салих (ізгі) амалдарымның Аллаға жеткенін қалаймын», – деді».

Али (р.а.) әңгімелейді: «Алланың елшісі бесіннің парызынан бұрын төрт және парыздан кейін екі рәкат сүннет намазын оқитын». Айша анамыз (р.анһа) әңгімелейді: «Алланың елшісі бесіннің парызынан бұрын оқи алмаған төрт рәкат сүннетті парыздан кейін оқитын».

Хазірет Али әңгімелейді: «Алланың елшісі екінді намазынан бұрын төрт рәкат сүннет намазын оқитын. Осы төрт рәкатты үлкен періштелерге және соларға ерген мүміндерге сәлем беріп, екі рәкаттан оқитын еді».

Ибн Аббас әңгімелейді: «Алланың елшісі ақшам намазының парызынан кейін қосымша екі рәкат сүннет намазын оқитын. Осы екі рәкатты ұзақ уақыт оқитындығы соншалықты – жамағат оның аяқталуын күтпей, тарап кететін».

Али (р.а.) әңгімелейді: «Алланың елшісі маған өмірімнің соңына дейін мыналарды орын дап жүруге кеңес берді. Бұлардың біреуі – екіндінің парызынан бұрын төрт рәкат сүннет намазын оқу. Пайғамбарымыздың бұл өсиетін орындауға тырысып өттім».

Ибн Омар (р.а.) әңгімелейді: «Ақшам намазынан кейін тағы төрт рәкат оқыған адам бір жиһадтан кейін екінші жиһадқа қатысқан адам секілді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: