26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) төсегі қандай болған?

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) төсегі қандай болған?

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Пайғамбарымыздың төсегінің сырты теріден жасалып, іші құрма талшығына толтырылған болатын. Өзі де, əйелі де соған жататын. Басына қоятын жастығының да сырты теріден жасалып, іші құрма талшығымен толтырылған болатын.

Хазреті Айша анамыз айтады: «Жаныма Ансар қауымынан бір әйел келді. Расулулланың төсегін көріп, кейін ішіне жүн салынған төсек беріп жіберді. Расулулла қасыма келіп, «Бұл не?» - деп сұрады. «Йа Расулалла! Ансардан пəленше деген әйел келген еді. Төсегіңізді көріп, осыны сізге жіберіпті»,- дедім. «Мұны дереу оған қайтарып бер» деп бұйырды.

Бірақ, мен оны қайтарып бермедім. Ол төсектің үйде тұрғанын қаладым. Расулулла алейһиссалам бұл сөзін үш рет қайталады. Сосын «Уаллаһи, ей Айша! Қаласам Алла алтын мен күміс тауларын менің қасымда жүргізер еді»,- деді. Пайғамбарымыз алейһиссаламның көпшігі де қалың жүннен жасалған болатын.

Бір түні қасыма келген кезде осы көрпешесін екі бүктеп салған болатынмын. Соның үстінде ұйықтады. Сосын «Ей, Айша! Бұл түнгі төсегім неге бұрынғыдай емес» - деп сұрады. «Йа Расулалла! Оны қабаттап салдым»,- дедім. «Сен оны бұрынғыдай етіп сал»,- деді. Тағы да хазреті Айша айтады: «Құрайыштықтар үшін Меккеде биіктеу төсек үстінде жатудан артық нәрсе жоқ еді. Расулулла Мәдинаға келіп, Әбу Әйубтің үйіне түскен кезде оған «Ей Әбу Әйуб! Сендерде бір биіктеу төсек жоқ па?»- деп сұрады. Әбу Әйуб оған «Жоқ, уаллаһи»,- деді. Ансардан Са’д бин Зурарә мұны естіп, Расулуллаға тіректері ағаштан жасалған, беті зығыр талшығынан тоқылған, өрмемен қапталған төсек жіберді. Расулулла өз үйіне көшкенге дейін соған жатып жүрді. Қайтыс болғанға дейін соның үстінде ұйықтап жүрді. Расулулла алейһиссалам қайтыс болғанда жуылып кебінделгеннен кейін осы төсектің үстіне жатқызылып жаназа намазы оқылған болатын. Халық мәйіттерін тасуға соны бізден сұрап алатын. Әбу Бəкір мен Омардың да жаназалары сонымен апарылды».

Хазреті Айша айтады: «Расулулланың бір өрілген төсеніші бар болатын, түнде соның үстінде намаз оқып, күндіз төсеп халықпен бірге отыратын».

материал «Хазреті Мұхаммед

алейһиссаламның өмірі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: