26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла елшісінің (с.ғ.с), сахабалардың шүкіршілік етуі

Алла елшісінің (с.ғ.с), сахабалардың шүкіршілік етуі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

«Шүкіршілік ететін бір құл болмаймын ба?»

Мұғира ибн Шұғба былай әңгімелейді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) аяқтары ісініп кеткенше намаз оқитын. Оған: «Уа, Алланың елшісі, сенің өткендегі және болашақтағы күнәларың кешірілмеп пе еді?» – дегенде, Расулалла: «Аллаға шүкіршілік ететін құл болмаймын ба?», – дейтін».

Алла елшісінің ұзақ шүкір етуі

Муаз ибн Жәбәл (р.а.) былай әңгімелейді: «Бірде таң атқанша Алла елшісінің (с.ғ.с) қиям мен сәжде жасағанына куә болғаным бар. Сәждеден ұзақ уақыт басын көтермей қойды. Мен оны жанын тәсілім еткен шығар деп те ойлап қалдым. Кейін Алланың елшісі: «Бұлай жасағанымның мәнісін аңғардың ба?» – деп сұрады. Мен: «Алла пен Оның расулы жақсы біледі», – дедім. Осы сұрақты үш немесе төрт рет қайталай сұрады. Сосын: «Алланың парыз еткен намазын оқыдым. Намаздың соңында Алланың елшісі (Жәбірейіл Әмин) келді. «Үмбетің үшін не істейін?» – деп сұрады. Мен «Ең жақсысын Раббым біледі», – дедім. Сосын осы сұрақты үш-төрт рет қайталады. Мен ақырын бағып: «Ең жақсысын Раббым біледі», – деген соң, Алланың елшісі Жәбірәйіл Алла тағаланың «Үмбетің үшін қам жеме. Мен дәл осы турасында сені қайғыртпаймын», – деген сөзін айтты. Осыны естіген соң, бірден сәждеге бардым. Өйткені Раббым шүкіршілік еткендерге сый-сияпат береді және шүкіршілік еткендерді жақсы көреді», – деді».

Пайғамбарымыздың сал болған адамды көріп, өзінің жағдайына шүкіршілік етіп, сәждеге баруы

Ибн Омар (р.а.) былай әңгімелейді: «Алланың елшісі (с.ғ.с) сал болған біреуді көріп қалып, көлігінен түсіп дереу сәждеге жығылды. Сәлден кейін әлгі адамды көрген Әбу Бәкір де (р.а.) келіп, ол да Аллаға шүкіршілік айтып, сәжде етті. Хазірет Омар да келіп, Аллаға шүкіршілік сәждесін жасады».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: