26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) ұйқыға жатқанда және тұрғанда оқыған дұғалары

Пайғамбардың (с.ғ.с) ұйқыға жатқанда және тұрғанда оқыған дұғалары

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Әнәстің (р.а.) айтуы бойынша, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұйқыға жатар алдында былай дейтін: «Бізге ішкізіп, жегізуші, түрлі бәле-жаладан қорғаушы, асырап, бағушы Аллаға мадақ! Қамқоршысы да, асыраушысы да жоқ қаншама кісілер бар».

Али (р.а.) әңгімелейді: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түнде ұйықтар алдында былайша дұға ететін: «Сенің әміріңдегі бүкіл жаратылыстардан Сенің жомарттығың мен үкіміңе сиынамын. Аллам, сен барлық қиындықтарды жеңілдетушісің. Аллам, сенің әскерің ешқашан жеңілген емес. Сен уәдеңнен еш тайған емессің. Сенің күшің мен қуатың тұрғанда басқа күш-қуат сөз емес. Сені біздерге тән барлық кемшілік атаулыдан пәктеймін. Сені мадақтаймын, ей, Алла!».

Бәра ибн Азиб: «Пайғамбарымыз ұйқыға жатарда былай дұға етуші еді: «Аллам, тәнімді саған тапсырдым. Жүзімді саған бұрдым. Істерімді өзіңе тапсырдым. Рақымшылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқып, саған сиындым. Сенен басқа барар жерім, басар тауым жоқ. Түсірген кітабыңа, жіберген пайғамбарыңа иман еттім» Хүзәйфәтүл-Йемени былай дейді: «Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жастыққа бас қойғанда: «Аллам!

Сенің атыңмен өмір сүремін, әрі өлемін» және таңертең оянғанда «Бізді өлтіргеннен кейін қайта тірілткен Аллаға мадақ. Барлығымыз оған қайтып ораламыз», – дейтін еді».

Айша (р.анһа) айтады: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түнде ұйқысынан оянғанда, былайша дұға ететін: «Сенен басқа тәңір жоқ. Саған шүкіршілік етемін. Күнәларым үшін сенен кешірім сұраймын. Сенің рақымыңды тілеймін, жалбарынамын. Аллам, берген іліміңді арттыр. Мені тура жолға салғаннан кейін жаза бастырма және маған рақымшылық жаса. Шүбәсіз, рақымы мол Уаһһаб (қайтарымсыз сый беруші) Сенсің!»

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: