25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Салауатты қанша рет айту керек?

Салауатты қанша рет айту керектігі туралы да хадистер жетерлік. Бір хадисте «Күніне жүз рет салауат айтқан адам бәле-жаладан аман болады». Біз Пайғамбарымыз бен Раббымызды толық біле алмағанымыз, толық тани алмағанымыз сияқты Пайғамбарымызға салауат айтудың да сырын толық аша алмаймыз.

Сүннет – Алла Елшісі (с.ғ.с) жасаған әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер

Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, Алла Елшісі (с.а.у.) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер.

Пайғамбардың (с.ғ.с) қорға салған мүліктері

Исламдағы алғашқы қор Ухудта шəһид болған яһуди ғалымы, əрі бай адам болған Мухайрықтың пайғамбарымызға тапсырылуын өсиет еткен, пайғамбарымыз қабылдап алып, қорға салған 1- Мисəб, 2- Сафийə, 3- Дəлал, 4- Хусна, 4- Бурқа, 5- Ауаф, 7- Мəшрабə деген жеті бақша болып табылады.

Пайғамбарлар неге періштелерден таңдалмаған?

Расул міндетін кімге беру керектігін Ұлы Рахманның өзі ғана белгілейді. Бұл жайында Құранда: «Алла пайғамбарлықты кімге беретінін жақсы біледі» деген.

Кісілік пен кішіліктің үлгісі

Айша анамыздың айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз сөйлегенде байыппен, әр сөзін жеке-жеке анық етіп сөйлейтін. Оны естіген адам тіпті сөздерін жаттап алатын.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) оразаға мән беруі

Ақиқат немесе жалған болсын әр діннің өзіне тән құлшылық жүйесі бар. Сол секілді соңғы ақиқат діні Ислам да ұстанушыларына белгілі бір міндеттер жүктеген. Ұлы Жаратқан құлдарына деген мейірімінің белгісі ретінде Құран түсіріп, оны түсіндіруді ардақты Пайғамбарымызға берген. Сүйікті елші оразаның мәні мен маңызын көптеген хадистерінде айтып түсіндірген. Сөз сұлтанының нұрлы баяндарына тоқтала кетейік.

Пайғамбардың (с.ғ.с) фазилеті (ізгіліктері)

Мұхаммед алейһиссаламның ізгіліктерін білдіретін жүздеген кітап бар. Ізгілік – үстемдік деген сөз. Олардың біразы төменде көрсетілген: