22
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Құранға берік болуға шақыратын хадистер

Құранға берік болуға шақыратын хадистер

Ислам тарихы

Жәбирден (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.ғ.с):

«Құран - шапағаты қабыл алынатын шапағатшы және куәлігі теріске шығарылмайтын жақтасушы. Кім оны басшылыққа алса, ол оны жаннатқа жетелейді. Кім оны артқа тастаса тозаққа айдалады», - деді (Ибн Хиббан).

Сәһл ибн Мұғаздан (Алла оған разы болсын), ол әкесінен: «Алла елшісі (с.ғ.с): «Кім Құранды оқып оған амал жасаса, Қиямет күні оның ата-анасына тәж кигізіледі. Ол тәждің жарығы мына дүние үйлеріне түскен күннің жарығынан да, тіпті сендердің үйлеріңе түскен күннен де жақсырақ. Ал енді оған амал еткен адам туралы ойларың қандай», - деді (Әбу Дәуід, әл-Хаким).

Әлиден (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (с.ғ.с): «Кім Құранды оқып, оны жаттап, ондағы халал етілгенді халал деп, харам етілгенді харам десе, Алла Тағала оны жәннатқа кіргізеді және әулетіндегі тозаққа кіруге лайық болған он адамға шапағат етуіне рұқсат береді», - деп айтқан (әт-Тирмизи).

материал «Әз Пайғамбар хақ жолы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: