25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Батыс ғалымдарының Алла Елшісі (с.ғ.с) туралы айтқандары

Батыс ғалымдарының Алла Елшісі (с.ғ.с) туралы айтқандары

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Ағылшын ғалымы Thomas Carlyle (Томас Карлил) «Қаһармандар» атты шығармасында адамзат тарихындағы әр кәсіп пен саланың ең озығын, ең күштісін белгілеп, оларың өмірлері мен еңбектерін зерттеген еді. Негізі өзі християн болғанын шығармасында да анық айтқан Карлил пайғамбарымыз пайғамбарлар ішіндегі ең кәміл тұлға деп белгілеп Оның қасиеттерін талқылаған.

20-шы ғасыр ортасында Голландияның Лахей қаласында жиналған ғалымдармен ойшылдары кеңес дүниенің 100 ұлы атақты адамын белгілеген еді. Кеңеске қатысып, дауыс бергендердің барлығы христиан болғанымен, бірінші орынға пайғамбарымыз Мұхаммедті (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қоюға мәжбүр болған.

Неткен кемел қасиетке ие – дұшпандардың өзі оны мойындауға мәжбүр. Өкініштісі кей мұсылмандардың өзі мәжбүрлі түре де мойындағысы келейтіні жүректі езеді.

Пайғамбарымыз жайында батыстықтардың айтқан сөздері: Tomas Carlyle – «Оның туылуы – нұрдың қараңғылықты ысырып тастағыны» «Басына тәж киген ешбір патша өз қолымен жамаған шапанын киген Хазіреті Мұхамед құрлы құрмет пен абыройға бөленбеген» (Collected works of Tomas Carlyle) осы жерден таба аласыз.

Sir William Muir – «Адамзатты тура жолға салу Хазіреті Мұхаммед келген кездегіндей ешқашан қиында күрделі болған емес. Алайда, Ол дүние салған кезде артында қалдырған тыныштықпен жетісітіктерден күшті жақсарту мен жетістіктердің бар екенін айта алмаймыз. Мұны білмейміз де» (Non-Christian religious systems the Coran Sir William Muir) осы жерден таба аласыз.

Ana Britannica атты әлемге танымал энциклопедия пайғамбармыздың қасиет-ерекшеліктерін мойындау ретінде жазылған мәліметте: «Мұхаммед жеткен жетістіктерге адамзат тарихында не бір пайғамбар, не бір реформашы дін адамы қол жеткізе алған емес» (The Ana Britannica encyclopedia) осы жерден таба аласыз.

Stanley lane-Pool – «Мұхамедттің дұшпандарын жеңіп, үстемдік құрған күні өзіне қарсы абзалдылық тұрғысынан жеңіске жеткен күні. Құрайыштықтарды ешқандай ақы алмай-ақ кешірді және бұл кешірімін жалпыға тән етіп барлық Меккеліктерді соның аясына кіргізді» (Muhammad the excellent exemplar) осы жерден таба аласыз.

Arthur Gilman – «Меккенің жеңісінде Оның ұлы адам екенін анық байқаймыз. Өткені, Оған өткендегі жасалған зұлымдықтар Оны өш алуға итермелеуі әбден мүмкін еді. Бірақ, Хазіреті Мұхаммед әскерінің қан төгуіне жол бермей, аса ұлы жанашырлық танытып, барлығын кешірді және Аллаға шүкір етті» (the story of the Saracens) осы жерден таба аласыз.

Қарашы бауырым, батыстықтардың өздері недеген керемет мысалдармен ой түйер сөздер айтып жатыр. Асылында біз едікққой осылай мақтан тұтып күнде ол жайында айтып, жүрегімізді жібітіп жүретін. Біз шынайы қызыға алмағандықтан, пайғамбарыңа ұқсайын десең араласып жүрген адамдарыңнан қысылып оның жасаған амалдарын жасауға тартынып тұрасың. Өзіңе нақты сұрақ қойып көрдің бе? Мен олай қысылып ұялатындай, бұл адамдар пайғамбарым сияқты мен үшін қиналып түнде дұға жасап па еді?

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: