25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дүниеге Оның (с.ғ.с) көзімен қарауға тырыс

Дүниеге Оның (с.ғ.с) көзімен қарауға тырыс

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Жалпы Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге қызықпағандықтан өте қарапайым ғана өмір сүретін. Тапқанын таянғанын ішіп, жеп, киініп, жерге отыруға да ұялмайтын. Бірде пайғамбарымызға жібектен тігілген киім сыйлыққа берілген еді.

Оны арқасына жамылып намаз оқығаннан кейін «Тақулар мұндай нәрсені пайдаланбауы керек»,- деп шешіп тастаған. Ибн Масғуд р.а айтады: «Бір күні Алла елшісі (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) бөлмесіне кірдім. Алашаның үстіне ұйықтапты. Ал алаша оның киелі денесіне батып, із қалдырған. Мен «Ей, Расулулла! Алашаның үстіне бір нәрсе салайық па?» - дедім. Расулулла (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Дүние мені қызықтырмайды. Дүние мен менің мысалым бір ағаштың астына біраз уақыт демалған соң, ол жерді тастап кететін жолаушы сияқты», - деп бұйырды.

Енді өзіңізді бір сәтке қойып көріңізші. Мысалы кей уақыттар әр бірімізде бастан өткен қиындықтар бар. Бір алашаға жатқан күніміз не болмаса стройка жасап жүрген кезде каропкаларға ұйықтай салатын едік.

Сонда жоғарыға қарасақ ондай жағдай сенің сүйіктіңнің басынан да өткен екенғой. Алла Тағала оның артынан ерген әр бір үмбет, өз сүйіктісінің басынан өткен қиыншылықтарды өткізетінін, ашық өзіміздің басымыздағы қиындықтар арқылы көзімізге көрсетіп қойған. Тек көрегенділік көз болса өз өміріңде пайғамбардың өмірі біте қайнасып жатқанын байқайсың. Зуһд жайында қысқаша түсіндіретін болсақ. Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Дүниеде заһид секілді бол, Алла сені сүйсін. Адамдардың қолындағысына қызықпа, адамдар сені сүйсін!» деген еді.(Ибн Мәжә, Зүһд,1) Жалпы мұсылманның бай әрі бизнесмен болғаны жақсырақ, керісінше ұмтылу керек. Шариғат ешқашан саған айтпайды 24 сағат мешітте байланып отыр деп, тек Алла Тағала саған мен сені шақырған уақытта табыл, сол шақыруда (намаз уақыты) жұмысыңдағы уақытыңды маған тапсыр, мендегі берілетін ризық бастығыңнан келетін ризықтан хайырлы дегісі келеді.

Жалпы негізгі принціпте осылай мұсылманның. Ойға түйер оқиға: Бірде пайғамбарымыз өмірінің соңғы күндерінде өзінде қалған 6/7 динар 6-(9048тг) 7-(10510тг) ақшасы болады. Ол ақшаны садақ едіп беруін Айша анамызға бұйырады. Айша анамыз пайғамбардың науқасына қарап жүргенде есінен шығып кетеді. Сонда есінен шығарып алған анамызға. «Алланың құлы Мұхаммед, өзінің қолындағы динарларды кедейлерге бермейінше, Раббысына сол динарлармен бірге қауышуын қаламайды»-дейді. Содан соң бұл динарларды Ансарлық 5 мұқтаж отбасыларға таратып береді. Сол кезде Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Міне енді тынышталдым» - деп жеңіл ұйықыға кетеді. (Ахмад,6/104;Ибн Сағд,2,237-238)

Қызығы адамдар кейде пайғамбарымызды арпадан жасалған нанмен бұзылып бара жатқан құйрық май, не іш майды жеуге шақыратын, тұла бойы тазалыққа толған сүйікті пайғамбарымыз бұл шақыруға баратын (ибн Сағд,1,104; Бухари, Бұюғ,14). Тіпті өзінің қызы Фатима нан пісіріп әкесіне алып келгенде пайғамбарымыздың оған айтқаны: «Үш күннен бері әкеңнің аузына енді кірген тамақ осы» деп айтқан. Енді қараңызшы бауырым, біз үш күн былай тұрсын үш сағатта шыдай алмайтын хәлге келгенбіз өкініштісі...біз осылай Алламен дос бола аламызба шағым айтпай? Өзіңді тәрбиелей аласың ба? Сенде бір жағдайы төмен мұсылман жаныңда отырғанда жан дүниеңде сондай тазалық кездесе ме? Өзіңе сұрақ қой...

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: