22
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Икигайыңды (өмірлік ісіңді) қалай табуға болады?

Икигайыңды (өмірлік ісіңді) қалай табуға болады?

Ислам тарихы

Жапон философиясында «икигай» деген түсінік бар. Бұл – әр таңды асыға күтіп, барыңды салып, үлкен махаббатпен жасайтын өмірлік ісің. Кез келген іс икигай бола алады. Мысалы, біреудің икигайы аула сыпыру болуы мүмкін. Ол аула сыпырғаннан ләззат алады. Сол істен өмірінің мәнін көреді. Икигайын тапқан адам сол істің хас шеберіне айналады.

Марғұлан Сейсембай сұхбаттарының бірінде «икигай табу» техникасы жайлы айтып еді. Соны бөлісуді жөн көріп отырмын.

1. Ең алдымен ұнататын істеріңді жазып шық. Максимум 20.
Ал егер қандай істі ұнататыныңды білмесең ше? Немесе ондай істерің тым аз болса ше? Онда «Швед үстелі» принципімен ойға келген, «істеп көрейінші осы» деген істерді шет-шетінен істей бер. Максимум 50 жаңа іспен айналысып көр. Мысалы, бұған дейін шаңғы теппеген болсаң, шаңғы теп. Теннис ойна. Өлең жазып көр. Жүзуге бар. Істеп көрмесең, нені ұнататыныңды қалай білесің?

2. Алдыңғы тізімдегі ұнататын істеріңнің ішінен қолыңнан келетіндерін бөлек қағазға көшіріп жаз. Максимум 10.
3. Осы тізімдегі адамдарға қажет дегендерін бөлек жазып қой. Максимум 4.
4. Енді қалған істердің ішінен жұрт оған ақша төлеуге дайын бір істі таңда. Бұл – сенің икигайың.
5. Бұл сенің икигайың ба, жоқ па, толық көз жеткізу үшін өз-өзіңе былай сұрақ қойып көр: «Егер бұл іспен айналысу үшін өз қалтамнан ақша шығаруым қажет болса, бұл ісімді жалғастыра берер ме едім?» «Иә» деп жауап берсең, күмәнің болмасын, бұл – сенің икигайың.

материал «Лайфхактар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: