23
Дүйсенбі,
Қыркүйек

һижри

Ақшаны депозитте сақтау дұрыс па?

Ақшаны депозитте сақтау дұрыс па?

Ислам тарихы

Ислам дінінің үкімдеріне сай өмір сүруді қаласаңыз, өсім (риба) – харам. Бұл жерде қандай өсім бар? Мысалы, сіз депозитке 100 000 теңге салып, 9% өсім күтесіз. Яғни, бір жылдан кейін шотыңызда 109 000 теңге жатады. 9000 тг – өсім. Ешқандай рисксіз келген өсім.

Инфляция деген нәрсе де бар. Құнсыздану деген сөз. Мысалы, инфляция 9%-ға тең дейік. Яғни, қазіргі 100 000 теңге бір жылдан кейін қазіргі 91 000 теңгенің (-9%) құнына тең болады. Былайша айтқанда, қазір 91 000 теңгеге алып жүрген затты келесі жылы 100 000 тг-ге аласың дегенді білдіреді.

Енді өзімізге сұрақ қояйықшы. Депозитте ақша сақтап, біз ақшамыздың өсуін қалап тұрмыз ба? Әлде бұл ақшамызды инфляциядан қорғаудың бір жолы ма?
Депозитке дін тұрғысынан емес, әділет, адамгершілік тұрғыдан қарап көрейікші. Сіздің 100 000 теңгеңіз бар. Сол ақшаны банкке апарып, депозит ашасыз. Банк сізге «бір жылдан кейін ақшаңды 109 000 теңге етіп, яғни 9% өсіммен қайтарып берем» дейді. Сіз «ок» деп кетесіз.

Тура сол уақытта Қарызалды мырза банкке кредит алуға барады. Оған 100 000 теңге керек. Банк оған айтады: «жарайды, 100 000 теңге берейін. Бірақ бір жылдан кейін 115 000 теңге етіп, яғни 15% өсіммен қайтарасың» деп шарт қояды. Қарызалдыға ақша қатты қажет боп тұр, ол ештеңеге қарамастан келісімін береді. Енді қараңыз. Банк 15% дегенді қайдан шығарды? Бұл – банктің сізге беретін 9% бен өзі көретін 6%-дың қосындысы. Былайша айтқанда, сіз және банк Қарызалдыны артық пайызбен қанап және қинап жатырсыздар. Ол байғұс ай сайын келетін кредитін жаба алмай әуре боп жүр.

Меніңше, былай істеген әділеттірек сияқты. Депозитте ақшаңыз жатса, өсімін өзіңізге алмаңыз. Қанша салдыңыз, сонша қалсын. Ал өсімін Қарызалды сияқты кредиттен қиналып жүрген жандарға беріңіз.

материал «Лайфхактар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: