23
Дүйсенбі,
Қыркүйек

һижри

Бекітілген сүннет намазды үйде оқу керек пе?

Бекітілген сүннет намазды үйде оқу керек пе?

Ислам тарихы

Бекітілген сүннет намазды үйде оқыған абзал екенін білдіретін бірқатар хадистер бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да көбіне солай істеген. Бірақ барлығы бірдей олай істей алмайды. Мысалы, үйі мешітке жақын кісілер, егер үлгеретін болса, айталық, бесін намазының сүннетін үйінде оқып, парызын мешітке барып оқуына болады. Сол секілді парыздан кейінгі сүннетін де қайтып келіп үйінде оқыса болады.

Ал егер үлгермейтін немесе үлгермейтіндей болса, олай істеудің қажеті жоқ. Себебі сүннетке бола, тіпті, «солай істеген абзал» дегенге бола парыздан қалып қою дұрыс емес. Дәл сол сияқты парыздан кейінгі сүннеттерді де үйге барып оқимын деп жүргенде үлгермей немесе жолай бір шаруасы шығып, оқи алмай қалатын болса да, олай істемеген жөн.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бекітілген сүннет намазды үйде оқуға қызықтыруының бір себебі – бізді риядан қорғау. Сондықтан кейбір ғалымдар: «Үйде оқу мен мешітте оқудың қайсысы риядан алыс болатын болса, сол абзал», – деп айтқан. Тағы бір себебі – «үйді қабірге айналдырмау». Сол үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кейбір намаздарыңды үйде оқыңдар», – деп кеңес берген. Бұл хадисті бекітілген сүннеттен басқа нәпіл намаздың кез келгенін үйде оқумен де жүзеге асыруға болатынын ескерген жөн. Ескерте кетейік, бекітілген сүннет намазды біржола тәрк ету – күнә.

материал «Нәпіл намаз» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: