24
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Қиямет күнінде қандай оқиғалар болады?

Қиямет күнінде қандай оқиғалар болады?

Ислам тарихы

С: Дүниедегі барлық жаратылыс түгелімен жойылғаннан соң не болады?
Ж: Одан кейін қиямет күні болады.

С: Қиямет күнінде қандай оқиғалар болады?
Ж: Алла Тағала адамдарды қайтадан тірілтеді. Осылайша қабірлерде және басқа
жерлерде шіріген және әр тарапқа шашылған денелер мен мүшелер, барлық ағзалар Алла Тағаланың құдіретімен жиналып, адамдар бұрынғы тірі күйінде біріктіріледі.

С: Одан кейін не болады?
Ж: Алла Тағала бәрінен бұрын Ысрапілді (ғ.с) тірілтіп, оған сүрді екінші мәрте үрлеуді бұйырады.

С: Одан кейін не болады?
Ж: Әрбір пенде өз денелерін іздеп тауып‚ әрбір өлі денеге жаны кіреді. Міне, осыдан кейін қабірлердің үсті ашылып‚ адамдар ұйқысынан оянғандай болып тіріліп, қабірлерінен жер бетіне шығады.

С: Қабірлерінен шыққан кісілер не істейді?
Ж: Әрқайсы махшар алаңына барады.

С: Махшар алаңы қандай жер?
Ж: Пенделердің дүниеде істеген істері сұраққа алынып, тергелетін жер.

С: Махшар алаңында не болады?
Ж: Әр пендеге дүниеде істеген амалдары жазылған дәптерлері беріліп, өздеріне мәлім етіледі және әркімнің амалы әділдік және туралық таразысымен өлшеніп, есеп-қисап болады. Кімнің жәннатқа кіру керек екендігі және кімнің тозаққа кіретіндігі үкім етіледі.

С: Махшарда пенделердің амалдарының есеп-қисабын кім жүргізеді?
Ж: Алла Тағала тарапынан бұйырылған уәкіл періштелер есеп-қисап жүргізеді.

С: Пенделер есепке тартылғаннан кейін махшардан қай жерге барады?
Ж: Тозақтың үстіне құрылған сират атты көпірдің қасына барады. Әрқайсы сират көпірінен өтіп, жәннат тарапқа өтуді армандайды.

С: Сираттан кімдер өтуге лайықты болады?
Ж: Иманды салиқалы кісілер мен күнәлары кешірілген момын пенделер көпірден оңай өтіп, жәннатқа кіреді.

С: Сират көпірінен өте алмаған кісілер қайда барады? Ж: Олар сират көпірінің астындағы тозаққа құлайды.

материал «Ислам ахлақы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: