25
Сәрсенбі,
Қыркүйек

һижри

Мына үш жерде әділетті болу қажет

Мына үш жерде әділетті болу қажет

Ислам тарихы

Әділет – жақсы мінездердің ең құндысы. Әділ адам – адамдардың ең жақсысы. Әділет – бірлік, тепетеңдік деген сөз. Әділет болғанда екі нәрсенің не өздері немесе сипаттары тең болады. Бұл ұқсас жерлерінде біріккен деген сөз.

Демек, әділет бірліктен, тек бір болудан, яғни уахдеттен [таухидтен] туындайды. Ал уахдет немесе таухид – ең қадірлі сипат, ең үстем хал. Өйткені, барлық болмыстар осы бір ғана құдіреттен пайда болған. Әлемде кездесетін әрбір бір болу, шынайы жалғыздың болмысына ұқсайды. Әр болмыс, сол бір болған болмыстан пайда болғаны сияқты, әр бірлік те сол бірден пайда болады. Ал өлшеу, салыстыру істерінде теңдік сияқты құрметтісі, қадірлісі жоқ. Музыка саласында бұл мәселе кеңірек зерттелуде. Міне осы себептен, жақсылықтардың ең қадірлісі – әділет. Әділет – ортада болу деген сөз. Ортадан айырылатын болса, әділет болмайды. Мына үш жерде әділеттің болуы қажет:

1) Бір мүлікті, бір ниғметті бөлетін кезде әділетпен бөлу керек.

2) Келісім-шарттарда, сауда-саттықта әділет қажет.

3) Уқубатта, яғни жаза беруде әділет керек.

Бір адам біреуді қорқытса, ұрса, ол адамға да солай жасалуы тиіс. [Бірақ, бұл теңдік жазасын тек үкімет қана орындайды. Біреуден жәбір көрген адам оған қарсы өзі әрекет етіп өшін алмай, оны тәртіп сақшыларына, сотқа хабарлауы керек. Мұсылман әрі Исламға мойынсұнады, күнә істемейді. Әрі заңға мойынсұнады, қылмыс істемейді.] Егер бір елде әділет бар болса, ол жердің халқы уайымсыз-қорқынышсыз өмір сүреді. Әділет – қорықпау деген сөз. Әділет деген не? Бұны адамның ақылмен табуы өте қиын болғандықтан, Алла Тағала құлдарын есіркеп, мемлекеттерді қорғау үшін бір өлшем құралын жіберді. Осы илаһи өлшеммен әділетті өлшеу оңай болды. Бұл өлшем пайғамбарлардың “алейһимуссалауату уәттәслимат” алып келген діндері. Ислам дініне намус-и илаһи да делінеді. Бүгін және қияметке дейін қолданылуы әмір етілген илаһи өлшем – Мұхаммед алейһиссаламға жіберілген дін. Бұл өлшемнен кейін тағы екінші өлшем берілген. Ол – сөзі өтетін басқарушы. Адам мәдени болып жаратылды. Яғни бір-бірімен араласуға, бір жерде өмір сүруге, бір-біріне жәрдемдесуге бейім болып жаратылған. Ал хайуандар мәдени болып жаратылмады. Олар қалада бірге өмір сүруге мәжбүр емес. Адам нәзік, әлсіз болып жаратылғаны үшін, піспеген тамақ жей алмайды. Азық, киім және үй дайындауы қажет. Яғни кәсіпке, индустрияға қажеттілік бар. Сондықтан іздену, ойлану және тәжірибе жасауы, жұмыс істеуі керек.

материал «Ислам ахлақы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: