Ей, балам!
Құлшылығыңды тастама! Жүрекке тән білімдерден де құр қалма, яғни іс-әрекетің білімге, хал-жағдайың сопылыққа сай болсын! Тек қана ғылым үйреніп, амал етпеудің пайдасы болмайтынына көзіңді жеткіз.
Бір мысал келтірейін: Егер шөл далада он үнді қылышы және тағы да басқа қарулары болған батыр жауынгердің алдынан үлкен арыстан шықса, қалай ойлайсың, ол қаруларын қолданып, қарсы соққы бермесе, оған қолындағы қарулары пайда бере ме?! Қаруды қолданса ғана оның пайдасы болатыны белгілі ғой.
Сонымен қатар бір адам мыңдаған ғылыми мәселе үйренсе, бірақ оларды қолданбаса, алған ғылымының пайдасы бола ма? Әрине, болмайды. Тек қолданған жағдайда ғана игерген білімі оған пайда бермек.
Тағы бір мысал: Бір дәрігер ауырып қалса және ауруының еміне қолданатын дәрінің не екенін білсе, расында да, сол дәрі ауруына ем болса, дәріні қолданбаған жағдайда тек қана білуі оған жәрдем етпейтіні анық.
Тіпті, сен жүз жыл білім алып, мың кітап жинасаң да, Алланың шапағатына және мейіріміне оның әмірлерін орындап құлшылық ету арқылы ғана жете аласың.
материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,
ummet.kz