05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Кенесары ханның мемлекеттік басқаруға Ислам заңдарын енгізуі

Кенесары ханның мемлекеттік басқаруға Ислам заңдарын енгізуі

Ислам тарихы

Кенесары хан дінді өзі ғана ұстанып қоймай, қол астындағы халқын діни тұрғыда басқарып, ел ішіне Ислам заңдылықтарын енгізе бастаған. Хан өмірін егжей-тегжейлі зерттеп, кейін сол үшін сотталған тарихшы Е.Бекмаханов: «Кенесары сот реформасын жасағанда, өзіне елеулі ықпал еткен ізашарларының ісін жалғастыра білді.

Сондай ізашарлардың бірі тарихта әдеттегі құқық жинағы «Жеті жарғының» авторы ретінде белгілі, ірі сот реформаторы Тәуке хан еді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы тағы бір ірі тұлға, Кенесарының заң шығарушылық қызметіне елеулі ықпал жасаған Арынғазы сұлтан болды. Арынғазының заң шығарушылық қызметіндегі бір жаңалық – ол сот ісін қазақтардың әдеттегі құқығы бойынша емес, шариғат дәстүрі бойынша жүргізу. Бұл сөзсіз түрде оң қадам және қазақтардың құқықтық қатынастарының дамуындағы белгілі бір кезең болды. Арынғазының заң шығарушылық қызметі туралы Мейендорф былай деп жазды: «Өзіне халықтың ықыласын аудару үшін әділ сот жүргізуде, бірақ ол сот ісін аталар заңы бойынша емес, ешкім білмейтін бейтаныс Мұхаммед заңдары бойына жүргізді». Кенесарының қызметінде қазақтардың әдеттегі құқығын тура жолға шығару байқалмаса да, оны бар уақытта қолдана қойған жоқ. Бұл жағынан оның Арынғазымен ұқсастығы көп еді», – деп жазды.  

Кенесары ханның мемлекет басқару ісінде «Хан кеңесі» жұмыс істеді. Осы кеңестің құрамындағы, Кенесарының бас уәзірі есебіндегі Сайдақ қожа Самарқан мен Бұхарада білім алған, дін адамы еді. Ханның маңайына одан өзге де діни білімі жоғары адамдар шоғырланған болатын.

материал «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: