27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қазіргі талас-тартыстар қашан және қалай пайда болды?

Қазіргі талас-тартыстар қашан және қалай пайда болды?

Ислам тарихы

Кейіннен кейбір жастарымыз дінімізді үйренуге кірісіп кетті. Олардың өздері өскен ортадағы шариғи үкімдер өздері өскен ортаға тән болатын. Олар елімізге келген шетелдік кейбір жастармен араласып, жаңа кітаптарды оқып әсерленді. Әрине сол шетелдік кейбір жастар дінімізді толық білетін ғалым емес, керісінше, өздері білім алуға келген әр түрлі саладағы студенттер еді.

Олар елімізде достасқан жолдастарына Ханафи фиқһынан емес, өздері өскен ортада үйренген ілімдерін айтып беретін. Олардың өздерімен алып келген кітаптары біздің жастарымызға орасан жаңалық болатын. Әдетте ол кітаптар белгілі уақыт, белгілі орта мен белгілі мақсатты көздеп жазылған болады. Сол себепті ондай кітаптар жағдайы басқа ортаға, басқа елдерге және басқа халықтарға сай келе бермейді. Бізде осы нәзік жайтты дұрыс түсіне алмайды, немесе түсінуге әрекет етпейді. Оның үстіне аталмыш жағдайды түсінгендердің өзгелерге түсіндіру мүмкіндігі де жоқ еді. Исламды оқып үйренуге мүлдем тыйым салынған кез еді. Барлық нәрсе жасырын орындалатын.

Осындай кезеңде кім 13 не, қайдан, кімнен оқитынын білмей бастары қататын. Сол кезден бастап жаңа-жаңа пікірлер, әңгіме-сөздер шыға бастады. Өздігінен аталмыш жаңа әңгіме-сөздерге жауаптар да шыға бастады. Осылай ескі ғұламалардың пікірлері мен жастар арасында кейбір түсінбеушілік пен келіспеушіліктер пайда болды. «Қайтыс болған мұсылмандар үшін Құран хатым қылып сауабын бағыштаса болады ма, жоқ па? Біреу келсе, отырғандар орнынан тұрып күтіп алғандары дұрыс па әлде отыра бергендері дұрыс па?» – деген сияқты басталған қарама-қайшылықтың арты ақырындап талас-тартыстардың күшеюіне апарып соқты. Арада жанжалдар туып, бірбірін түрлі жолдармен айыптаулар белең алды. Сен мутаасибсің (фанатиксің), сен пәленшесің! – деген айыптаулар пайда болды.

Ұстаздары бас болған талас-тартыстарға шәкірттері де қосыла кірісті. Пәленше ақ кітап оқып молда болған, түгенше сары кітап оқып молда болған, деген әңгімелер тарқалды. Халқымыз арасында өте аз ғана білімі бар кісілер де үшке бөлінді. Бірінші топ ескі жолды ұстанған діндарлар еді. Екінші топ жас молдекелер деген атпен аталатын топ болса, үшінші топ ресми рұқсаты бар (Діни Басқармадан рұқсаты бар) молдалар 14 деп аталатын. Әрбір үш топтың да өздеріне тән ерекшеліктері бар еді.

материал «Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: