25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Муздәлифәда уақфа жасау

Қажылық

Муздәлифәда уақфа жасау (қажылықтың бірінші уәжібі)

 

 Муздәлифә – Арафат пен Минаның ортасында орналасқан жердің аты. Қажылықта Арафа күнінің құрбан айтқа қараған түнін толық Муздәлифәда өткізу – сүннет, уақфа (бір мезет ғибадат ниетімен тұру) жасау – уәжіп. Муздәлифәның «мұхассар» деген жерінен басқа барлық жерінде уақфа жасауға болады. Уақфаның дұрыс орындалуының шарттары:

  1. Қажылық жасау ниетімен ихрамды болу
  2. Арафат уақфасын жасаған болу
  3. Уақфаны Муздәлифә аумағында жасау. «Ма’шар- Харам» жақта жасау – сүннет.
  4. Құрбан айт күні таңның атуынан бастап, күннің шығуына дейінгі уақытта жасау. Кімде-кім таң атпастан кетіп қалып, қайтып Муздәлифәға келмесе уақфасы дұрыс болмайды. Бұл – Ханафи мәзһабында. Ал Шафиғи, Ханбали мәзһабтарында уақфаның уақыты түннің екінші жартысынан басталады. Бұл мәзһабтарда таңның атуымен уақфа уақыты шығып, таң атқаннан кейін жасалған уақфа дұрыс болмайды. Түнді Муздәлифә аумағында өткізіп, таң намазын ертерек оқып, намаздан кейін тәкбір, зікір айтып, дұға жасап, уақфаны жарық болғанға дейін жалғастырып, күн шықпастан Минаға қарай бет алу – сүннет.

Ummet.kz

Бөлісу: