25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылықтың уәжіптері

Қажылық

Қажылық ғибадатында қажылықтың парыздары мен шарттарынан басқа уәжіп міндеттер бар.

Қажылықта уәжіптерді шариғатта үзір саналатын себептерсіз тастау – тахриман мәкрүһ яғни, харамға жақын мәкрүһ. Қажылықтың парыздары орындалып, уәжіптері істелмеген жағдайда, қажылық дұрыс деп есептелінеді. Бірақ шариғатта үзір саналатын себептерден тыс, басқа себептермен уәжіптер орындалмай қалса, қажылықтың дұрыс болуы үшін әрбір орындалмаған уәжіп үшін жаза ретінде құрбан шалу керек. (Қажылықта және умрада істелетін кемшіліктер және өтелетін жазалар бөліміне қараңыз).

Істелмей қалған уәжіп қайтадан жасалған жағдайда жаза өтелмейді. Мысалы, тауаптың парызы саналатын төрт айналымды жасағаннан кейін, уәжіп үш айналымды жасамаса, орындалмаған әр айналым үшін жаза беру керек. Бірақ тауапты қайтадан толық жасаған жағдайда жаза өтелмейді.

Ummet.kz

Бөлісу: