25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ихрамның уәжіптері

Қажылық
  1. Ихрамға белгіленген миқаттардың біреуінде кіру.
  2. Ихрамда тыйылған нәрселерді жасамау.

Миқат дегеніміз не?

Қажылыққа немесе умраға баратын адамдардың ихрамға оранбай өтуге болмайтын жерлерге «миқат» делінеді. Қасиетті Қағбаны қоршап тұрған мекендер «Харам», «Хил», және «Әфақ» деп үш аумаққа бөлінеді. Қажылық және умра ғибадатын орындауға келетін адамдар осы аумақтарға қарай ихрамға кіреді.

  1. Харам аумағы Жебірейіл періштенің көрсетуі арқылы Ибраһим (а.с.) тарапынан белгіленіп, кейіннен Пайғамбарымыз (с.а.у.) тарапынан қайтадан білдірілген, өсімдіктерінің жұлынуына және аңдарының, жалпы жан-жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке және оның айналасындағы қасиетті мүбәрак жерлер «Харам аумағы» делінеді. Меккеліктер қажылыққа Харам аумағының ішінде ихрамға кіреді. Ал, умра үшін Харам аумағының сыртындағы Хил аумағына ең жақын орналасқан Тан’имға барып ихрамға кіреді.
  2. Хил аумағы Харам аумағы мен Миқат жерлерінің ортасындағы мекен – Хил аумағы. Бұл аумақта тұратындар Харам аумағының сыртынан өздерінің тұрып жатқан жерлерінен ихрамға кіреді.
  3. Әфақ аумағы Харам және Хил аумақтарының сыртындағы аумақтар – Әфақ аумағы. Әфақ аумағынан Харам аумағына немесе Меккеге келетіндердің ихрамсыз өтулеріне болмайтын бес жерді Пайғамбарымыз (с.а.у.) миқат ретінде белгілеген. Бұл бес миқат:

а. Мәдина жағымен баратындар үшін – «Зулхулайфә», Мәдина қаласына 10 км жақын. Қазір бұл жер – «Әбәр Али» деп аталады (Қазақстандықтар көбінесе осы жерден ихрамға кіреді).

ә. Мысыр және Сирия тарапынан баратындар үшін – «Жухфа», Меккеден 187 км ұзақ.

б. Нәжд және Кувуейт тарапымен баратындар үшін – «Қарнул-Маназил», Меккеден 96 км ұзақ.

в. Йемен жағымен баратындар үшін – «Иаламлам», Меккеден 54 км ұзақ.

г. Ирак жағымен баратындар үшін – «Зәтул-ғирқ», Меккеден 94 км ұзақ.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадистерінде осы жерлерді миқат ретінде тағайындаған. Міне, сондықтан қажылыққа немесе умраға баратын адам бұл жерлердің қайсысынан өтсе, сол жерден ихрамсыз өтуге болмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ешкім миқаттан ихрамсыз өтпесін», – деп бұйырған. Бұл жерлерге жетпес бұрын ихрамға кіріп алуға да болады. Сырттан қажылық және умра үшін келгендер миқаттан ихрамсыз өтіп кеткен жағдайда, құрбан шалады немесе кері қайтып, миқатта ихрамға кіреді.

Ummet.kz

Бөлісу: