25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылық ғибадатының дұрыс орындалу шарттары

Қажылық
  1. Мұсылман болу. Қажылық ғибадатының парыздығының әрі орындалуының дұрыстығының шарты.
  2. Арнайы жерлер: Арафат және Қағба.
  3. Арнайы уақыт. Зиярат тауабының уақыты – құрбан айт таңынан бастап, өмірінің соңына дейін. Бірақ зиярат тауабын құрбан айттың алғашқы үш күнінде орындау уәжіп болғандықтан, кімде-кім бұл уақыттан кешіктірсе, қажылығының дұрыс болуы үшін құрбан шалуға міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты – Арафа күні түс ауғаннан кейін құрбан айт күні таң намазының уақыты кіргенге дейінгі уақыт.
  4. Ихрам. Қажылық немесе умра яки екеуін бірге жасау ниетімен, басқа уақытта халал болған кейбір істерді, қажылық немесе умра уақытында кісінің өзіне харам қылуы.
Бөлісу: