25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылмандар қажылықты өтеуге неліктен Қағбаға баруы тиіс?

Алла Тағала қажылық орны ретінде жер бетіндегі бірінші мешіт болып табылатын, Аллаға құлшылық ететін алғашқы қасиетті үй құбыламыз Қағбаны бекіткен.

Әйел кісі махрамсыз Ұмраға бара ала ма?

Ханафи мәзхабы мен Ханбали мәзхабы бойынша, кіші қажылық болсын, үлкен қажылық болсын, қашықтағы (ең аз үш күндік) әйел адам қасында ері не махрамы болмай (әкесі, інісі, ағасы, баласы, қайын атасы т.б.) өз бетінше бара алмайды. Барған жағдайда, ұмрасы не қажылығы саналғанымен, махрамсыз барғаны үшін күнә жасаған болады.

Қажылықтың ең абзалы қандай?

Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) былай дейді: «Расулалладан (с.а.с.): «Қажылықтың ең абзалы қандай?» – деп сұралды». Сонда ол (с.а.с.): «Дауыстап тәлбия айтып, құрбан шалу арқылы орындалған қажылық» деп жауап берді».

Қасиетті Қағба тарихы қалай басталғаны жайында деректер

Қағба  әл-Мүшрифа  –  Мәсжид  Харамның  дәл төрінде орналасқан. Қағба – Алла тағаланың Жер бетіндегі алғашқы үйі. Ол туралы Құран кәрімдегі «Әли  Имран»  сүресінің  96-аятында  былай  делінген: «Шындығында, адамдар құлшылық ету үшін салынған алғашқы Үй – Беккеде (Меккенің көне аты). Ол берекелі және  ғаламдардағы  ақиқат  жолды  көрсетуге  қызмет етеді».