25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылық қабыл болуы үшін қандай шарттар орындалуы тиіс?

Қажылық қабыл болуы үшін қандай шарттар орындалуы тиіс?

Қажылық

Қажылықтың бұлар орындалмаса, ғибадаты дұрыс болмайтын тіректері (парыздары) бар. Олар:

1). Ихрамға кіру. Бұл үшін қажылық өтеуші адам осы ниетте изар және рида деп аталатын екі бөлек матадан тұратын киім киеді. Ол киімді «ихрам» деп атайды. Арнайы тоқылған «ихрам» киімі табылмаса, кез келген екі ақ матаны пайдалануға болады. Рида екі иық пен мойынды жабады, ал изармен дененің белден төменгі жағы оралады. Ал әйелдер әдеттегі киімін киіп жүре береді.

2). Арафатта тұру. Онда зұл-хижжа айының тоғызы күні түс мезгілінен келесі күннің таң сәрісіне дейін тұруға болады. Арафатқа күндіз келген қажылар күн батқаннан кейін Муздалифаға қарай кете берулеріне рұқсат етілген. Ал күндіз Арафатқа келіп үлгермеген қажылардың таң атқанша Арафатқа кіруіне болады. Яғни Арафаттың уақыты түс мезгілінен таң атқанша созылады. Бұдан кешіккен қажылардың қажылықтары қабыл болмайды.

3). Тауафул-ифада – қажылық тәуабы. Ол зұл-хижжаның оныншы күні таңертеңнен айт күндерінің соңына дейін орындалады. Алайда бір себептермен осы күндері орындай алмаған жағдайда, өмірінің соңына дейін әйтеуір бір орындауы міндет.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,
ummet.kz

Бөлісу: