26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жаратушыны тануда ақылдың орны

Жаратушыны тануда ақылдың орны

Иман келтіру

Бүкіл жаратылыс - шексіз құдірет иесі бір Алла тағаланы танытып тұрған дәлел. Жаратылысты та- нуда ақыл, ой-сана негізгі өлшем болып табылады. Құран кәрімнің көп жерінде «Ойланбайсыңдар ма?» деп ойлануға бұйырса, бір хадисте: «Әркімнің діні – оның түсінігі. Ақылы жоқтың діні де жоқ»[1] деп, әрбір нәрсенің бір Жаратушысы, мәніне келтірген бір Ұстасы бар екенін ақыл таразысынан өткізуге шақырады. Дана халқымыз да «Ақылды адам ақымақтан да бір нәрсе үйренеді» деген.

Әркімнің Жаратушы алдында бұра тартуға келмейтін парызы — дұрыс таным. Бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен Алла Тағаланы танып, білуге ақыл жеткілікті ме? Әлде настың (Құран, сүннет) болуы шарт па? Немесе әрбірінің (нас пен ақыл) өз ерекшеліктері бар ма?

Бұл сұрақтарға қатысты ғалымдардың көзқарасына тоқталар болсақ, Имам Матуриди: «Алла Тағаланы ақылмен тануға болады. Ақыл - жаратылыс сырын түсіну уінін берілген Алла Тағаланың сыйы. Әрі жаратылыс жайлы терең ой жүгіртуге бүйырылдық. Бірақ ақыл - шектеулі. Алла Тағаланың шексіз иләһи хикметтерін, сыр ретінде сақтаған нәрселерін ақыл біле алмайды»[2] деп, нас көрсеткен аяда ақылға жүгіну керектігін айтады.

Имам Матуриди «Қасиетті Құранда: «Біз алдын ала (ескертуші) пайғамбар жіберместен (күнәға батқаны үшін ешкімді және ешбір қауымды) азаптамаймыз» («Исра сүресі», 15-аят) деп, пайғамбар жіберілмей түрып Қүдайдың жалғыздығын білдіретін ақыли дәлелдің берілгені айтылып түр. Болмаса, пайғамбар қауымын дінге шақырған уақытта халқы: «Кімсіңдер? Сендерді кім жіберді?» - деп айтар еді. Демек, ақыл Жаратушы Алла Тағаланы танытатын дәлел болды» деп түсіндіреді[3].

Қасиетті Құранда: «Пайғамбарларды қуандырушы, ескертуші етіп жібердік. Елшілер жіберілген соң адамдардың Аллаға қарсы айтар уәжі болмайды. Алла аса үстем, хикмет иесі» («Ниса» сүресі, 165-аят) деген аяттың шариғат, құлшылық мәселелерінде Құран, хадис келгеннен кейін олардың Аллаға қарсы уәжі болмайтынын, бұл мәселелерде ақылға жол жоқ екенін айтады. Ал ақыл - жаратылысына мән берген адам үшін Алланың улухиятын (ғибадат етілуге лайық зат) жалғыздығын және рубубиятын (басқарушы екенін) білдіретін дәлел. Ақыл берілген соң олардың Алла Тағаланы жоқ деп қарсылық танытуға уәжі болмайды деп түсіндіреді[4].

Имам Матуриди бүл мәселеде ұстазы Әбу Ханифаның пікірін үстанған. Имам Бабурти: «Әбу Ханифа ақылға жүгініп иман ету уәжіп (міндет) деді. Әлбетте, Мұхаммед әл-Хәкім «Мүнтақа» еңбегінде Әбу Ханифаның: «Аспан әлемдерін, өз болмысын және басқа жаратылысты көре тұрып Жаратушысын танып, білмей өткен адамда ешбір үзір жоқ (қияметте уәж айта алмайды). Әрі адамзатқа елші жіберілмесе де, адам баласы ақылымен Жаратушысын танып иман етуге міндетті» дегенін жеткізді»[5] деген.

Саналы адам баласы әрбір жаратылысқа қарап, Жаратушы Раббысын танысын, шеберлігін мой- ындап, иман етсін деп жаратылған. Зер салып, оқи білгенге адам болмысы мен күллі жаратылыс бойында мөрленген ғажайып нақыштарымен Ұлы Шеберді танытуда. Соған бір мысал келтірер болсақ, қасиетті Құранда: «Адам баласы Біз оның сүйектерін жинай алмайды деп есептей ме? Күмәнсіз, оның саусақтарының ұштарын да қалпына келтіруге күшіміз жетеді» («Қияма» сүресі, 3-4 аят) деген аяттағы саусақ мағынасын білдіретін «бәнана» сөзіне имам Самарқанди: «Ақиқатында Алла Тағаланың саусақтарды қалпына келтіруге құдіреті жетеді. Және саусақта жайлылық бар» деп түсіндіреді. Миллиардтаған адам баласының ең кішкентай саусақ бедерінің де әртүрлі болуы Алла Тағаланың шексіз құдіретінің дәделі емес пе? Әрі мың жылдан астам уақыттан бері Қытай халқы келісім-шарт сияқты заңды құжаттарға екі жақтың саусақ бедерінің ізін бастырып, мұрағатқа сақтауы бекер іс емес.

Соңғы ғасырда ғалымдардың зерттеу жүргізуі барысында осыдан он төрт ғасыр бұрын «Саусақ ұштарының бедері» жайлы Құранда айтылған ақиқаттың шындығы ашылды. 1788 жылы неміс ғалымы Иоанн Майер (Johan Мауег) әлемдегі барлық адамдардың саусақ іздері бір-біріне ұқсамайтынын дәлелдеді. Тіпті, ДНК құрылымы бірдей келетін егіздердің өзінде айырмашылық кездесетіні әрі саусақтың басын кесіп алғаннан соң, жараланған жер жазылса, саусақ терісінің бедері өз қалпына келетіні де айтылып жүр.

Сондай-ақ, жаратылыстың сырына терең үңіле бастаған адам баласы бүгінгі ғылым мен техника дамыған ғасырда да Алла Тағаланы Халиқ (жаратушы), Бәдиғ (көркем бейнеде жаратушы), Мұсаууир (бейнелеуші) және Құдірет сынды сипаттары негізінде танып, мойындауда.

Міне, бұл Жаратушыны танып, білуде ақылдың алар орны ерекше екенін әрі имам Әбу Ханифа, имам Матуриди сынды ғұламаларымыздың дұрыс ұстанымын растай түспек.

Материал «Матуриди сеніміндегі таңдаулы тақырыптар» кітабынан алынды.

Ummet.kz


[1] Әл-Ғәлләма Қади-хан әл-һинди, Канзул ғұммэл фи сүнәнил ақуал уэл афғал, 7033-хадис.

[2] Имам Матуриди, Китэбут таухид, 183-бет.

[3] Бәкір Топалоғлы, Тәуилатул Құран ли Әби Мансур әл-

Матуриди, 3-том, 142-бет.

[4] Сонда, 1-том, 582-бет.

[5] Мұхаммад әл-Бабурти, Шарху уасияти Әби Ханифа, 58-бет.

Бөлісу: