25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қасты жұлу шариғат бойынша тыйым салынған ба?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассаламуалайкум. Әйел баласына қас жұлу күнә деп естіген едім, ислам бойынша қалай? Түсіндіріп берсеңіз

Жауап: Уа алайкум ассалам. Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде: «Алла бетіндегі жүнін жұлған және жұлдырған әйелге лағынет етсін»[1] - деген. Бұл тыйымның ауқымы туралы фәқиһтар (ғалымдар) бір тұжырымға келмеген. Көпшілік фәқиһтар (ғалымдар) әйел күйеуіне ұнау үшін және оның рұқсатымен жүзіндегі жүндерді алу, бояуы, тіпті, қасын түзетіп, жіңішкелеу жәиз (рұқсат) деген. Ал хадистегі тыйымның әйел сыртқа шығу үшін, өзгелерге ұнау үшін жүзіндегі жүндерді жұлуына және қасын алдыруына байланысты деген.

Хадистердегі шаш ектіру, бояу, жүздегі жүндерді жұлу туралы тыйым жаратылысты өзгерту, адамдарды алдау, өзгеше көріну сияқты мақсаттармен жасалған істерді қамтиды.

 

[1] Бұхари, Либәс, 84; Мүслим, Либәс,120.

Ислам ғылымхалы

 

«ummet.kz»

Бөлісу: