25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бүлдіршіндердің ойнап, кедергі келтіруі намазды бұза ма?

Бүлдіршіндердің ойнап, кедергі келтіруі намазды бұза ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассалаумағалайкүм. Намазда тұрғанда кішкентай балам алдыма келіп отырып алады, оны жылжытып, намазымды жалғастырсам дұрыс па әлде намазым бұзылған бола ма? 

Егер балалар намаздағы адамның арқасына жабысып, тізесіне отырса, жайнамазына жатып алатын болса, бұл құлшылығымыздың қабыл болу тұрғысынан кедергі келтірмейді. Тіпті баланы шетке ысырып қойып, сәжда жасаса немесе баланы тізесінен түсіріп, артық қимылға барса да намаз бұзылмайды.

Аталан әрекеттер намазға қатысты болмаса да, олар «амал-и касир» - намазды бұзатын үлкен әрекеттер қатарына жатпайды. Бұл әлі көп нәрсені түсіне бермейтін баланың еркелігі ойымды бұзды-ау деп еріксіз барған қимылдар болып табылады.

Абдулла ибн Шаддат әкесінен былай жеткізеді: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) құптан намазын оқуға шыққанда арқасына Хасан мен Хүсейіннің бірін арқалап алғанын көрдік. Алға шықты да немересін жерге түсіріп тәкбір алды. Намазда ұзақ сәжде жасады. Әкем сөзін жалғастырып былай деді: басымды көтергенімде Алла Елшісі сәждеде, ал бала қайтадан арқасына мініп алыпты. Сәждеге қайтадан бардым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намазын бітірген соң жамағат былай деді: «Уа, Расулулла, намазыңызда сәждеңіз ұзаққа созылды. Сізге бір нәрсе боп қалды ма немесе уахи келіп жатыр ма деп ойладық». Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға: «Мұның ешқайсысы болған жоқ. Бар болғаны немерем арқама мініп алып, түспей қойды. Мен өзі түскенше күткенді жөн көрдім» деп жауап береді.[1]»

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) жасаған әрекеттері бізге үлгі. Немерелері намаз кезінде арқасына жабысып немесе тізесіне отырыпалған кездерде қабақ шытпай, кейде сол күйінде оларды арқасына мінгізіп, сәжде жасаған, балаларды ешқашан сөкпеген.

Балалардың үлкендерге еліктеген қылықтары мен ойындары намазды бұзбайтындығын және намаз үшін алынатын сауап та кемімейтіндігін айта кету керек.

Сонымен қатар, балаларға орынсыз зеку, оларды жасқаймын деп жанын жаралап алу намазға деген көңілдерін суытуы мүмкін.

Ummet.kz


[1] н-Насаифи сунәниһи, Имам Ахмад фи мәснад, Имам Хаким мустадрак кітабында Бұхари мен Мүслимнің шартына сай  деген.

Бөлісу: