25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұма хұтбасынан бұрын Құран оқудың үкімі:

Жалпы Құран кәрім оқу сауапты іс. Оны тыңдауға жиналуда сауапты іс. Сүннеттен дәлелдері бар істер. Шариғат әрдайым құран оқуға, құран тыңдауға үндеген. Ал жұма намазының хұтбасынан алдын жамағат алдына шығып имамның немесе үнтаспадан құран оқу шариғат дұрыс көрген істердің санатына жатады. Бұл істің шариғатқа қайшы тұсы жоқ.

Рақымды, Мейірімді Аллаһ Тағаланың атымен!

Әлемдердің Раббысы болған Аллаһ Тағалаға мақтау болсын!

Жаратылғандардың абзалы Мухаммадқа, оның отбасы мен сахабаларына және оларға ергендерге Қияметке дейін Аллаһ Тағаланың сәлемі мен салауаты болсын!

Иғтикаф қандай құлшылық?

Араб тілінде иғтикаф – бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау деген мағынаны білдіреді. Фиқһ терминінде азан шақырылып, қамат түсірілетін мешітте иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір мезгіл сол жерде қалуды білдіреді. Рамазан айының соңғы он күніндегі иғтиқаф – кифая жолымен мүәккад сүннет[1]. Айша, ибн Омар, Әнестің (رضي الله عنهم) риуаяттарында: «Алла Елшісі () Мәдинаға келгеннен кейін көз жұмғанға дейін Рамазанның соңғы он күнін иғтиқафпен өткізетін»[2],-деп келген.

Сұрақ: Ораза кезінде әйел кісі гинеколог дәрігерге тексерілуіне болады ма? 

Жауап: Көпшілік ғалымдардың шешімі бойынша арнайы медициналық құралды әйел кісінің жыныс мүшесіне енгізу арқылы тексеру оразаны бұзады.

Демікпесі (астма ауруы) бар адам ораза ұстай ма?

Демікпесі бар адам жиі демігіп, тұншығатындықтан, инголятор не дәрі пайдалануға мәжбүр. Сондықтан да, «мұндай жағдайдағы адам оразаны қайтеді?», яғни «инголятор арқылы ауызға сепкен дәрі оразаны бұза ма?»  деген сұрақ туады. Бұған қатысты ғалымдарымыз екі түрлі пікір айтады.

Сұрақ: Естіп білуімше хадисте: «Рамазан айы келген кезде жұмақтың есіктері айқара ашылып, тозақтың есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді»,– делінген. Осы хадисті қалай түсінеміз шайтандар шыныменен кісенделеді ме?

Әссәләмуғалейкум! Сіздерден сұрайын дегенім, кейбір жастар біздің елді «Даруль Ислам» емес, кәпірлердің отаны дейді. Сондықтан,  басқа мұсылман еліне «хижрат жасау» (қоныс аудару) керек дейді. Дәлел ретінде Ниса сүресіндегі аятты алға тартады. Онда былай делінген: ««Өздеріне  өздері зиян жасағандардың жандарын алуға келгенде, періштелер олардан: «Қай жағдайда болдыңдар?», - деп сұрайды. Олар: «Жерімізде біз шамасыз жағдайда болдық», - дейді. Сонда Періштелер: «Көшемің десең, Құдайдың жері кең емес пе еді?» - дейді. Міне, солардың баратын жері де – жәһәннам. Ол дегеніңіз – сұмдық орын». (Ниса сүресі, 97-аят.). Осыған не дейсіздер?

Сұрақ:Ораза тұту үшін ниет керек екен. Ол ниет қалай болуы тиіс?

Жауап: Пәлен күні Алла үшін ораза тұтамын деп жүрегімен шешім қабылдауды ниет деп атайды. Оразаның өзі бірнеше түрге бөлінеді:

Сұрақ: Егер адам кіші күнәдан тыйылмаған жағдайда не болады?

Жауап: Кіші күнәларға құлшынудың қатерлігі

Имам Нәуәуи МуслимніңСахихынажазған түсіндірмесінде былай дейді: «Ғұламалар, Алла оларға разы болсын, былай дескен: «Кіші күнәға деген құлшыныс оны үлкен күнәға айналдырады».

Сұрақ: Ассалаумағлейкум. Менін қояр бір сауалым бар, отбасы құрғаныма 3 жылдын көлемі болды. Перзентті бола алмай жүрміз. Жанарыс (Қыдыр Ата деп халық атап кеткен) деген халық емшісіне барып емделсек аллаға серік қосу болып саналама. Егерде биз емді ол кісіден емес Алладан тілеп барсақ (сол кісіні себепші қылып) қалай болады екен?

Қайырлы күн. осы жылы ораза ұстауға ниет бар, бірақ асқазан ауыруымен ауырамын (гастрит) және дәрігерлер аш жүруге тыйым салған. Қандай кеңес бере аласыздар? Жеңісбек