Ассаламуалейкум! Егер аулаған балығымының ішінен басқа бір балық шықса, шыққан балықты жеуге бола ма?
Құран оқу ма, әлде зікір айту артық па?
Сауал: Мен күнделікті Құран оқимын. Алайда кейбіреулер зікір айтуды артық көреді. Қайсысы дұрыс? Асқар.
Шайтанның жүретін жерлері қандай?
Әжетханаға кірерден бұрын Алланың атымен шайтанның азғыруынан сақтану. Өйткені ең лас жерлер жын-шайтанның орны. Осындай жерлерде адамды азғырып, зарар беруге тырысады.
Ислам бойынша діннің неше түрлері бар?
Жауап: Ислам – Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген соңғы иләһи дін. Ислам өзінен алдыңғы иләһи шариғаттардың бәрін толықтырушы әрі кәміл дін болғандықтан, Алла исламнан өзге дінді қабыл етпейді: «Күмәнсіз Алланың құзырындағы дін – Ислам»(3. «Әли Имран» сүресі, 19-аят).
Қорымның ішінде жүру әдебі қандай?
Сұрақ: Қорымның ішінде жүру әдебі қандай?
Жауап: Қорымның ішінде жүру әдебі:
Пенде қабірлерді зиярат еткенде оның ішінде тірі кісілердің арасында жүргендей дұғалар айтып әдеп сақтап жүреді, ешқандай бір қабірдің үстін баспайды.
ЖЫНЫС МҮШЕСІН АУЫСТЫРУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Сұрақ:ЖЫНЫС МҮШЕСІН АУЫСТЫРУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Жауап: Қазіргі заманауи медицинада адамның жыныстық ағзаларын ауыстыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Шариғи тұрғыдан жыныстық мүшені ауыстыруға тыйым салынады. Оған төмендегі мына аят-хадистер айғақ болады.
Жақсылық пен жамандық....
Сұрақ: Жақсылық пен жамандық та Алладан дегенді қалай түсінеміз?
Жауап:Біз, яғни иман етуші пенделер әу баста әмәнту билләһты айтқан кезде жақсылық пен жамандықтың бір Алладан екендігіне сендік. Негізінде Алла Тағаланың шексіз құдіреті арқылы жер бетіндегі әрбір нәрсе жұп-жұбымен жаратылған. Жақсылық пен жамандық ұғымдары да бір‑біріне қарама‑қайшылық жұбы.
Алланың ең ұлы есімі қандай?
Сұрақ: Алла Тағаланың ең ұлы есімі қандай?
Жауап: Ұлы Есім – Алла Тағаланың барлық кемелдік сипаттарын қамтитын, ұлылығын, көркемдігін паш ететін есімі. Кімде-кім шын пейілімен Алла Тағалаға оның ұлы есімі арқылы дұға қылып, тілегін сұраса, иншалла, қабыл етеді.
Шиит деген кімдер?
С: Шиит деген кімдер?
Ж: Шиит ағымы және олардың діни ұстанымдары
«Шиа» сөзі «жақтау», «қолдау» деген мағынаны білдіреді. Ағым ретінде «шиа» атауы - Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) 632 жылы қайтыс болған соң Хазіреті Али және оның ұрпақтарын халифалыққа ең лайық кісі деп, Алиді Құран мен хадис арқылы тағайындалған хақ халифа ретінде қабылдаушы, халифалықтың да осы әулетке тән екендігін айтушыларға берілген.
Сұрақ: Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?
Сұрақ: Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?
Жауап: Азаматтық неке деп қыз бен жігіттің ерікті түрде бір-біріне лайықты екендігін сынау мақсатында некесіз қосылып, ата-ана, тума-туыстарына хабар бермей бірнеше ай немесе бірнеше жыл бірге тұруын айтады. Кейбіреулер оны «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атайды.
Уаһһаби ағымының тарихнамасы қандай?
Сұрақ: Уаһһаби ағымының тарихнамасы қандай?
Жауап: «Уаһһабилік» шамамен екі жарым ғасыр бұрын Араб түбегінде, Нәжд даласында Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб (1703-1792 ж.) негізін қалаған ағым. Бірақ олар өздерін «салафилік жол» деп санайды. Сондықтан уаһһабилік немесе салафилік – қазіргі таңда Сауд Арабиясының ресми мәзһабы. Мысыр, Үндістан, Африка және өзге де мұсылман мемлекеттерінде өз жақтаушылары бар.