25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сұрақ: Пасха мейрамында сыйға тартылып жатқан жұмыртқа, тәтті нандарды жеуге болады ма?

Жауап: Жалпы кітап берілгендердің (христиандар мен еврейлердің) сойған (төрт түлік) малдарының еттері, тамақтары мұсылмандар үшін адал болып есептеледі. Доңыз еті бұл ұғымға кірмейді. Ол харам.

Сұрақ: Жұма хұтбасынан бұрын Құран оқудың үкімі: 

Жауап: Жалпы Құран кәрім оқу сауапты іс. Оны тыңдауға жиналуда сауапты іс. Сүннеттен дәлелдері бар істер. Шариғат әрдайым құран оқуға, құран тыңдауға үндеген.

Сұрақ? Сүре деген не?

Жауап: Араб тілінде "сүре" сөзі "дәреже", "орын" деген мағыналарға ие. Ал діни термин ретінде сүре дегеніміз – басы мен соңы бар, өз алдына бір топ аяттар жиынтығы.[1] Яғни сүре – бірнеше немесе көптеген аяттар жиынтығынан тұратын Құранның бір бөлігі.

Сұрақ: Шайтанның жүретін жерлері қандай?

Жауап: Әжетханаға кірерден бұрын Алланың атымен шайтанның азғыруынан сақтану. Өйткені ең лас жерлер жын-шайтанның орны. Осындай жерлерде адамды азғырып, зарар беруге тырысады.

Сұрақ: Сәлеметсіздер ме? Менің сұрағым емшілік туралы. Ағам арақ ішеді және күннен-күнге оның соңына әбден түсіп келе жатыр. Ешқандай сөз сүйегінен өтпейді, санасына жетпейді. Жақында жеңгем бір құрбысының күйеуі сол арақты ішуін қойғанын, оған себеп емшінің Құранмен оқытып берген бір түймедей бірдеңені күйеуінің ішетін шай суымен бірге қайнатып беру екенін айтты. Емші адамның фотосына қарап отырып оның немен ауыратынын, арақты қойып кете алу мүмкіндігінің бар-жоғын айтады екен дағы, жаңағыдай оқылған буйымдар береді. Осындай кісілерге баруға бола ма? Бұл кісінің емші екенін әлде балшы-балгер екенін түсіне алмай отырмын. Салтанат

Құрсақ ана (суррогаттық ана) болудың шариғи үкімі

Суррогаттық ана немесе құрсақ ана қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналды.Таратып айтар болсақ, ерлi-зайыптылардан алынған аталық ұрық пен аналық клетканы арнайы түтiкшелерде сырттай ұрықтандырып, құрсақ ана (суррогат) қызметiн ақылы немесе ақысыз түрде атқаруға ризашылығын бiлдiрген бөтен әйелдiң жатырына салу.

Алдымен, шариғи тұрғыдан алып қарағанда баланы емізу ол ананың міндеті. Ана сүті бала үшін таптырмас ең үлкен қорек. Қасиетті Құранда былай делінеді: «Емізуді тамамдағысы келген кісі үшін; аналар, балаларын толық екі жыл емізеді. Ананың тиісті қорегі мен киімі, баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетін ғана жүктеледі».[1] Назар салсаңыз, аталған аятта ер мен әйел кісінің жауапкершілігі көрсетілген.

Сұрақ: Ассаламуалайкум. Құжаттырымда жоғалтып алған едім, соны табу үшін арнайы оқылатын дұға бар ма?  

Жауап: Уа алайкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух. Әрине исламда ескерілмей қалмаған дүние жоқ. Жоғалғаныңды табу үшін де оқылатын арнайы дұға бар. Оның дәлелі ретінде Абдулла ибн Омардың сөзін тілге тиек етсек. Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Кімде кім бір затын жоғалтып алса, дәрет алып, екі ракағат намаз оқып, мына дұғаны оқысын: