25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бала емізу дәретті бұза ма?

Сұрақ-Жауап

Алдымен, шариғи тұрғыдан алып қарағанда баланы емізу ол ананың міндеті. Ана сүті бала үшін таптырмас ең үлкен қорек. Қасиетті Құранда былай делінеді: «Емізуді тамамдағысы келген кісі үшін; аналар, балаларын толық екі жыл емізеді. Ананың тиісті қорегі мен киімі, баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетін ғана жүктеледі».[1] Назар салсаңыз, аталған аятта ер мен әйел кісінің жауапкершілігі көрсетілген.

Әрине, фиқһ үкімінде дәретті бұзатын амалдар анық көрсетілген. Дегенмен, олардың қатарынан бала емізу табылмағандықтан дәретті бұзбайды. Сондай-ақ, ана бойынан емізуден тыс сүттің шығуы дәретке кедергі келтірмейді.[2] Үнемі дәретпен жүру алдымен анаға пайдалы, екіншіден, баланы дәретпен емізіп, оған жақсы тәрбие беру сауап іс. Мұсылманның тазалығы мен тектілігі де дәреттен басталады. Мәселен, Абайдың әкесі Құнанбайды Зере анамыз дәретсіз емізбеген екен. Дана Абайдың тектілігі де осында жатса керек.

Қоса айтарымыз, ана сүті – асқан шеберлікпен жаратқан Алла Тағаланың ғажап несібесі. Күллі витамин атаулыны соның құрамына топтастырып, жаңа туған сәбиге анасының махаббатымен қоса ұсынуы – Жаратушының үлкен мейірімі.[3]

 «ummet.kz»рухани-ақпараттық порталы

 



[1]«Бақара» сүресі, 233-аят

[2] (Mevsıli, İhtiyar, İstanbul, ts. I, 9-11

[3]Қ.Бағашар: Ана сүтінің балаға пайдасы бар ма?

Бөлісу: