26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шайтандар қалай кісенделеді?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Естіп білуімше хадисте: «Рамазан айы келген кезде жұмақтың есіктері айқара ашылып, тозақтың есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді»,– делінген. Осы хадисті қалай түсінеміз шайтандар шыныменен кісенделеді ме?

Жауап: Жоғарыдағы хадисті Әбу Хурайра (р.ғ)-дан имам Бухари риуаят еткен. Бұл хадистің түсінігі турасында ғұламалар: «Хадистің тікелей мағынасы көзделуі ықтимал. Дегенмен мұның негізгі мағынасы: «Рамазан айында жәннәттің есіктері айқара ашылып, тозақтың есіктері  жабылады»,- деген сөйлем тозаққа жетелейтін күнәлардан пенденің ойы аулақ болуы себепті тозақтан алыстап жұмаққа жақындайтындығы жайында айтылуы мүмкін. Ал шайтандардың байлануы олардың азғыруға деген дәрмендерінің құрып, нәпсі құмартқан істерді безендіруде әлсіздік танытулары сөз етілуде»,-деген. 

Бөлісу: