4 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Біріккен Араб Әмірлігі мен Катар мемлекеттері экономикасы бәсекеге ең қабілетті елдер арасында 5-ші және 10-шы орындарға шықты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Швейцарияның IMD бизнес-мектебі жасаған рейтингте Сингапур елі көш бастап тұр. Ал өткен жылы көшбасшы болған АҚШ биыл Гонконгтан кейінгі 3-орынға орналасты. Сондай-ақ алғашқы ондықта Швейцария (4), Нидерланды (6), Ирландия (7), Дания (8) және Швеция (9) елдерін көруге болады.
Мамандардың айтуынша, АҚШ-тың 2 орын төменге түсуі жанармай бағасының жоғарылауына, жоғары технологиялық экспорттың қысқаруы мен доллар курсының ойнауынан. Көршіміз Ресей де өткен жылғы көрсеткішінен 2 орынға төмендеп, рейтингте 45-орынға орналасқан.