25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мысырда жайылған ауызашар дастарханы Гиннес рекордтар кітабына енгізілді

Мысырда жайылған ауызашар дастарханы Гиннес рекордтар кітабына енгізілді

Жаһан
Жарнама

3 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мысыр еліндегі 7000 адамға жайылған дастархан ресми түрде ең ұзын ауызашар дастарханы деп Гиннес рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Сенбі күні Каир қаласының маңында мемлекеттің жаңа әкімшілік астанасы жоспарланған жерде ұзындығы 3 км, 189 м, 83см болатын дастархан жайылды. Ауызашар дастарханы орталық алаңда 3 рет дөңгелене орналастырылған. Бұған дейін рекордтар кітабына енгізілген ең ұзын дастархан БАӘ-нің рамазан айында қалың көпшілікке берген 2900 м-лік ауызашары еді.

Бұл Мысыр елінің соңғы айда Гиннес рекордтар кітабына екінші рет енуі. Мамыр айының ортасында Ніл өзенінің үстінен өтетін алты жолақты аспалы көпір салынған еді. Көпірдің ұзындығы 540м, ені 67,36 м.

Бөлісу: