26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Нотр-Дамның сәулетшілерін шабыттандырған Сириядағы ежелгі шіркеу

Нотр-Дамның сәулетшілерін шабыттандырған Сириядағы ежелгі шіркеу

Жаһан
Жарнама

18 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кезінде Еуропаның көптеген сәулетшілерін готикалық стильде ғимарат салуға шабыттандырған Kalb Lovze шіркеуі Сирияның Идлиб қаласында орналасқан, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Франция астанасы рәміздерінің бірі Нотр-Дамның өртке орануы 16 ғасыр бұрын, яғни V ғасырда салынған Kalb Lovze діни ғимаратына көпшіліктің назарын аудартты.

Мұның басты себебі, дәл осы шіркеу Еуропаның готикалық стильде салынған көптеген сәулет өнеріне, соның ішінде Нотр-Дам де Пари ғимаратына да үлгі болған еді.

«Анадолу» АА-нің хабарлауынша, Kalb Lovze ғимаратының қасбетіндегі мұнаралары және төрт қабырғасы сақталған.

Сириялық тарихшы Фаез Кавсараның айтуынша XI және XII ғасырларда сәулетшілер осы шіркеудің құрылысы мен безендірілу үлгісін Еуропада қолданған.

«Бұл жайында 1862-жылы Сирияға келген француз зерттеушісі Эжен Мельхиор де Вогюэ өз кітабында жазған. Егер Нотр-Дам ғимаратының қасбетіне мұқият қарайтын болсаңыз, Kalb Lovze шіркеуімен ұқсастығын байқауға болады. Эжен Вогюэнің кітабы 1865-жылы Парижде басылып шыққан. Онда Сирияның тарихи ескерткіші жайында баяндалады. Мен ол кітапты араб тіліне аударған едім. Кітапта келтірілген 150 суреттің жетеуінде Kalb Lovze шіркеуін көруге болады», - дейді Кавсара.

Діни ғимарат Сирияның өзімен аттас ауылында орналасқан. 2011 жылы осы ауыл ЮНЕСКО-ның солтүстік Сириядағы тарихи мекендер тізіміне енген.  

thumbs b c 3c688e3c8d193b6df0e3bfa4d1808dd9

Бөлісу: