4 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Түркияның Адам құқықтары және гуманитарлық көмек қоры (İHH) әлем бойынша үш миллионға жуық адамды ауыз сумен қамтамасыз етті, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
İHH әлемнің әртүрлі елдерінде ауыз су жетіспеушілігіне ұшыраған елдімекендерде су ұңғымаларын қазып, халықты сумен қамту жұмыстарын жалғастырады.
«2018 жылы İHH Африка мен Азияның әртүрлі аймақтарында су ұңғымаларын қазды. Өткен жылы жалпы алғанда 21 елде 807 ұңғыма жасап, 332 800 адамды ауыз сумен қамтыды. Түрік қоры 2000 жылдан бері 36 елде 7422 су ұңғымасын қазып, 2 969 000 адам ауыз сумен қамтылды» делінген қор хабарламасында.